«ЫНТЫМАҚТЫҢ» ЫРЫСЫ

ҚОҒАМ | 19 декабрь 2013 ж. - 12:37 | Көрудің саны: 378
Жаңақорған ауданында 1995 жылы іргетасын қалаған «Ынтымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы саласын өркендетуде ауқымды істер атқарып жүргені Сыр аймағы тұрғындарына етене таныс. Бұл шаруашылыққа тәжірибелі шаруашылық маманы, аудандық мәслихат депутаты Рахымбаба Құтыбаев сол жылдардан бері басшылық жасап келеді.
«Ынтымақ» ЖШС-ның толағай табыстарға кенелуіне «Қамқоршы» атты ауыл шаруашылығына несие беруші серіктестіктің тигізген ықпалы орасан зор.
Биылғы жылы шаруашылық диқандары 350 гектар жерге күріш, 450 гектар жерге жоңышқа, 250 гектар жерге күздік бидай егіп, мол өнім жинаған. Сондай-ақ, бұл жерде ата кәсібіміз – мал шаруашылығын өркендетуге де батыл бетбұрыс жасалуда екен. Бүгінде осы шаруашылықта асыл тұқымды қаракөл қойы 6 мың басқа жеткізілсе, ет бағытындағы қой саны 1200 басқа, ал жылқы 120 басқа жетті. «Ынтымақ» ЖШС өз төлі есебінен қой санын жыл сайын 2 мың басқа көбейтіп, малшылардың қосымша табыс табуына септігін тигізуде. Демек, асыл тұқымды мал ұстау – тиімді шаруа. Айтқандай, бұл шаруашылықта тәулігіне 30 тонна күріш ақтайтын цех та бар.
«Ынтымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шаруашылықтармен ғана айналысып қоймай, аудан тұрғындарына қызмет етуде де ел ықыласына бөленіп келеді. Мысалы, оған қарасты екі жолаушылар автобусы «Жаңақорған-Қызылорда», «Жаңақорған-Алматы» бағытында қалтқысыз қызмет етіп жүр. Сондай-ақ, «Ынтымақ» мейрамханасы есігі жаңақорғандықтар мен аудан қонақтарына әрдайым айқара ашық тұрады.
«Ынтымақ» аудан аумағында жұмыссыздар қатарын азайтуда да жоспарлы жұмыс жасауда екен. Бүгінде оның сан түрлі салаларында 100-ден астам адам еңбек етеді. Бұл шаруашылық тұрмысы төмен отбасылары мен талантты жастарға демеушілік жасаудан да қағыс қалған емес. Содан да жыл сайын тұрмысы төмен отбасылары және өнер мен спортпен шұғылданушы жастарға қыруар қаржы беруді дәстүрге айналдырған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Ынтымақ» аты тектен-тек қойылмаса керек. Осы атына заты сай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұжым ел-халықтың несібесін молайтып, алғысына кенеліп келеді. Тәуелсіздік мерекесінде Рахымбаба Құттыбаев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Жаңақорған ауданы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

СЫР САЛЫСЫНЫҢ БАҒАСЫ АРТТЫ

СЫР САЛЫСЫНЫҢ БАҒАСЫ АРТТЫ

Өздеріңізге мәлім, Елбасымыз биылғы Жолдауында: «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл...
2013 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен марапатталғандар:

2013 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен марапатталғандар:

1. Озат бағбан номинациясы бойынша Қызылорда қаласының бағбаны, Юзеев Ринат...
КҮЗ ШАШУЫ – МОЛШЫЛЫҚ ШАПАҒАТЫ

КҮЗ ШАШУЫ – МОЛШЫЛЫҚ ШАПАҒАТЫ

Биылғы жылы Сырдария ауданына қарасты шаруашылықтар мен жеке тұлғалар 17920 гектар...
ҚЫРМАН ҚЫЗЫЛҒА ТОЛДЫ

ҚЫРМАН ҚЫЗЫЛҒА ТОЛДЫ

Күрішті де ырысты Жалағаш ауданының диқандары биылғы жылы 18213 гектар жерге күріш...
МАРЖАН ДӘН МОЛШЫЛЫҒЫ

МАРЖАН ДӘН МОЛШЫЛЫҒЫ

Берекелі күз келіп, ел несібесі – егін-терінді ысырапсыз жинап алу жұмысы қарбалас...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БЕТБҰРЫС БАР

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БЕТБҰРЫС БАР

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы» атты Жолдауында...
Пікір: