БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ҚОҒАМ | 21 декабрь 2013 ж. - 00:23 | Көрудің саны: 25 055
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті. 
Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.
Жұлдызай ОМАРХАН,
№15 мектеп-лицей оқушысы.
Қызылорда қаласы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

КЕЛЕШЕККЕ ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНМЕН

КЕЛЕШЕККЕ ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНМЕН

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын....
БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШТА

БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШТА

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл,...
ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «Ұлағатты ұрпақ –...
Ауыл жастарының слеті өтті

Ауыл жастарының слеті өтті

Арал. Аудан орталығында «Ауыл жастары – ұлттың рухани байлығы атауымен ауыл...
ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісінің деңгейін жетілдіру, шығармашылықпен...
БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАҚЫТЫ – «АЛТЫН ҰЯ»

БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАҚЫТЫ – «АЛТЫН ҰЯ»

Бала – ұрпақ жалғасы, ел болашағы. Сондықтан оларға дұрыс тәрбие беру, олардың...
Пікір: