ҚАНДАСТАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Жуырда оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында  «Оралман  азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық проблемалары» атты тақырыпта семинар-кеңес болып өтті. Шараға оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының жетекшісі Е. Абенов, орталықтың үйлестірушілері Д.Омаров және Б.Үсенбаев пен 30 оралман қандастарымыз қатысты.
Шараның басты мақсаты – облыс аумағына қоныстанушы оралмандардың өзекті мәселелеріне байланысты әдістемелік көмек көрсету, олардың мамандық алуы, бейімділіктеріне сәйкес жұмысқа орналасуына бағыт-бағдар беру. Жиын барысында қоғамның өзекті мәселесі болып табылатын оралмандардың бүгінгі жағдайы кеңінен талқыланды. Әсіресе, оралман азаматтардың еліміздің азаматтығын алуы, оларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылуы, әлеуметтік бағдарламалар негізінде кәсіптік білім алу жайы, баспана және жер алуда көрсетілетін негізгі көмек мәселелері сөз етіліп, қандастарымызға егжей-тегжейлі мәліметтер мен кеңестер берілді. Жиын соңында аталмыш орталық қызметкерлері көмек қажет болған жағдайда үнемі қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізді.
М.САТЫБАЛДЫ.

ҚОҒАМ 21 желтоксан 2013 г. 378 0