ҚАРЖЫНЫ ТОЛЫҚ ИГЕРУ ШАРАЛАРЫ ЖYРГІЗІЛУДЕ

ҚОҒАМ | 24 декабрь 2013 ж. - 10:04 | Көрудің саны: 388
Бүгінгі таңда бюджет қаржысын игеру мемлекеттің экономикалық саясатының өзекті буыны болып табылады. Осы мәселеге орай 2013 жылдың 23 қазанында Елбасы арнайы мәселе қарап, атқарушы билік органдарына тиісті міндеттер жүктеген болатын. Аталмыш мәжілісте Елбасының берген тапсырмасына орай облыс әкімі тарапынан облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне 2013 жылдың соңына дейін жоспарланған бюджет қаражатын толық атқару, оның ішінде республикалық бюджет қаржысын 100 пайызға игеру жөнінде тапсырма берілген болатын.
2013 жылдың 1 желтоқсанына Қызылорда облысы бюджетінің түсімдер болжамы 101,6 пайызға, оның ішінде облыстың өз кірістері 105,8 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттен 111,8 млрд. теңге трансферттер алынды. Аталған кезеңде облыс бюджетінің орындалуы 95,2 пайыз құрады. Жалпы шығындар жоспарының атқарылуы Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша 94-98 пайыз аралығында болды. 
Қаражатты толық көлемде игермеудің бірқатар себептері бар. Құрылымдық өзгерістерге байланысты бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістердің кеш жасалуы және басқармалар мен оған қарасты мекемелердің заңды тұлғаларды қайта тіркеу құжаттарын кеш және толық рәсімделмеуінен қалыптасып отыр. 
Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасы бойынша басқарманың ішкі бақылау бөлімі көптеген жұмыстар атқарды. Бақылау барысында бірқатар қаржы бұзушылық бойынша тиісті шаралар қабылданды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде бюджетке өтеуге тиісті 3,3 млн. теңге түгелімен жергілікті бюджетке кірістелді. Қалпына келтіруге тиісті қаржының 63,2 пайызы қалпына келтірілді. 
Бақылау объектілеріне қаржы басқармасы тарапынан жіберілген ұсыныстар бойынша бірқатар қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 
Сонымен бірге Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткен 2013 жылдың қаңтар айындағы кеңес хаттамасының талабына сәйкес Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Нұр Отан ХДП және «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы филиалдары өкілдерінен тұратын жылжымайтын мүліктерге тексеру жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия құрылды. Мұндай топ аудандарда да құрылды. Тапсырмаға сәйкес өз теңгерімінде ғимараттары бар 353 заңды тұлға тексерумен толық қамтылды. Тексерудің қорытындысымен 10,3 мың шаршы метр артық алаңдар анықталды. Осы ғимараттарға мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерін оңтайлы орналастыру және әлеуметтік нысандарға беру жөнінде шешім қабылданды.
2013 жылдың 1 желтоқсанына облыстың коммуналдық мүліктегі нысандарын сату (жекешелендіру) жөніндегі 6 ашық сауда-саттық өткізілді. Сауда-саттыққа 145 нысан шығарылды. Оның тең жартысы сатылды. Жекешелендіруден түскен түсім жоспары 115 пайызға орындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқынын жүргізу тапсырылған болатын. Қазір басқарма тарапынан бұл бағытта да тиісті жұмыстар жүргізілуде. 
Жылдың аяқталуына санаулы күндер қалды. Қазіргі таңда басқарма тарапынан бюджет қаражатының толық және уақытылы игерілуі мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде. Бюджет қаражатын толық игеру мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіліп отырылады. Аталған шаралар облыс деңгейінде қаржы игеру жөніндегі міндеттемелердің орындалуына ықпал тигізеді деп ойлаймын.
Қайратбек СӘРСЕНБАЕВ,
облыстық қаржы басқармасының басшысы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК РЕФОРМАЛАРЫ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК РЕФОРМАЛАРЫ

Еліміз егемендігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен...
ИГЕРІЛМЕГЕН  ҚАРЖЫ СҰРАУСЫЗ  ҚАЛМАЙДЫ

ИГЕРІЛМЕГЕН ҚАРЖЫ СҰРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Өткен айда Елбасының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, 9 айда...
Қала бюджетінің кіріс бөлігі орындалды

Қала бюджетінің кіріс бөлігі орындалды

Қызылорда. Қала бюджетінің кіріс бөлігі 107,2 пайызға орындалды Бұл жөнінде қала...
БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық Үкімет отырысында...
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

Соңғы жылдары облыс салықшылары республика көлемінде тәуір көрсеткіштерге қол...
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖYЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖYЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Қазақстан...
Пікір: