ҚАЗАҚСТАНҒА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН БАСҚАРУ МОДЕЛІН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК

ҚАЗАҚСТАНҒА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН БАСҚАРУ МОДЕЛІН ӨЗГЕРТУ КЕРЕКАЭФ аясында болған пікірталас барысында Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдар докторы Қырымбек Көшербаев технологиялық серпілісті қамтамасыз ету үшін басқару моделін өзгерту бәсекелестік ортаны қалыптастыратындығын атап өтті.
Қ.Көшербаевтың айтуынша, басқару моделі болмаса ірі инновациялық жобаларды іске асыру, сақтап қалу екіталай.
- Біз айтып отырған технологиялық серпіліс жоғары жылдамдықты бастамалар мен идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, басқару жүйесін қалыптастырады, - дейді ол.
Саясаткердің ойынша, бұл технологиялық серпіліс – екі немесе үш жылдың мәселесі емес. Бізге супер-бәсекелестік орта қажет. Бәсекелестік орта жыл, күн емес, сағат, тіпті минут санап өсуі тиіс. Себебі әлем жоғары жылдамдықпен өсуде. Нарыққа теңдессіз жаңа өнімді қоя отырып ертеңгі күні бәсекелестердің оны бізден көшіріп алуы мүмкін екендігін түсінуіміз керек. Ал бұл бәсекелестік басымдықты  жоғалтуға соғады. Сондықтан біздің өнімдерімізді басқа компаниялар көшіріп үлгергенше жаңартып отыруымыз қажет. Дәл қазір жылдамдық көп мәселені шешіп отыр, - деп атап өтті Қ.Көшербаев.
Кызылорда ньюс.кз
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 маусым 2017 г. 98 0