ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР | 17 июнь 2017 ж. - 11:35 | Көрудің саны: 53
15 маусымда Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бірыңғай төлем құжатын енгізу мәселелеріне арналған жиын болып өтті.
- Бірыңғай төлем құжатының басты мақсаты – тұтынушылардың көрсетілген қызметтер бойынша төлем жүргізуін жеңілдету, яғни қызмет көрсетуші мекемелерді араламай, барлық кызметтерге бір жерден төлем төлеу, тиімсіз төлемдерді қысқарту болып табылады. Аталған тәжірибе Астана, Алматы қалаларында кеңінен қолданылуда,- деп атап өтті аймақ басшысы кеңесті аша отырып.
 Шілде айында қаланың «Ақмешіт» және «Мерей» мөлтек аудандарында бірыңғай төлем құжаты пилоттық жобасы іске асырыла бастайды. Ал, ағымдағы жылдың күзінде қала түгелдей бұл жүйеге қосылатын болады. Бұл туралы мәжілісте «Қызылорда жарығы» холдингтік бірлестігінің атқарушы директоры Еркебұлан Есенбаев және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин  мәлімдеді.
 Сонымен қатар, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары биллинг жүйесі және бірыңғай абоненттік базаны құрудағы дайындық жұмыстары туралы есеп берді.
Жиын соңында, облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірыңғай төлем құжаты жүйесіне дайындық  жұмыстарын мерзімінде аяқтап, күзде жобаны толық  іске асыруды  тапсырды.






Сондай-ақ... оқыңыз:

Миллион теңгеден астам төлем негізсіз алынған

Миллион теңгеден астам төлем негізсіз алынған

Қызылордалық прокурорлар миллион теңгеден астам негізсіз алынған төлемдерді...
КОММУНАЛДЫҚ ҚАРЫЗҒА НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ ЖҮРМЕЙДІ

КОММУНАЛДЫҚ ҚАРЫЗҒА НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ ЖҮРМЕЙДІ

Өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық...
Басқармада жаңа басшы

Басқармада жаңа басшы

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Медет Усаин Қызылорда...
Emdeu.kz бірыңғай ақпараттық платформасы құрылды

Emdeu.kz бірыңғай ақпараттық платформасы құрылды

Ағымдағы жылдың ақпан айында облыста алғаш рет Emdeu.kz бірыңғай ақпараттық...
Құлақтандырудың бірыңғай жүйесі іске қосылды

Құлақтандырудың бірыңғай жүйесі іске қосылды

Құрметті Қызылорда облысы және Қызылорда қаласының тұрғындары және қонақтары! ...
Аудан әкімі газ жүргізудің төлем нормаларымен танысты

Аудан әкімі газ жүргізудің төлем нормаларымен танысты

Аралдықтар газ тарту жұмысына белсене кіріскен. Қазіргі таңда ауданда газ жүргізуге...
Пікір: