ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР | 18 июнь 2017 ж. - 10:44 | Көрудің саны: 60
ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІКеше Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың  жоғары жетістіктерін атап өтті.
– Атқарылған жұмыстың нәтижесі көрсеткіштермен бағаланады.  Өңірімізде  өмір сүру ұзақтығы 71,9 жасқа жетті. Ана өлімі 86,6 пайызға, сәби өлімі 2,5 есеге төмендеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастану мен өлімі 6 пайызға, қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі 8,4 пайызға, туберкулез 10,3 пайызға азайды.  Жасыратыны жоқ, осыдан бір-екі жыл бұрын республикалық көрсеткіштердің алдыңғы орындарын бермей келдік. Қазір ана мен сәби өлімі көрсеткіштері бойынша республикада 9 орынға тұрақтадық. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында жүздеген, тіпті мыңдаған жанның құтқарылғандығының  дәлелі, – деді аймақ басшысы.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев  медицина саласының ең үздік қызметкерлерін марапаттады.  


Сондай-ақ... оқыңыз:

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері марапатталды

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері марапатталды

Бүгiн Қызылордада денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің төл мерекесіне...
Қызылордада ана мен бала  өлімі көрсеткіші азайды

Қызылордада ана мен бала өлімі көрсеткіші азайды

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық...
Биыл Қызылорда облысында ана өлімі тіркелген жоқ

Биыл Қызылорда облысында ана өлімі тіркелген жоқ

Ағымдағы жылдың басынан бері Қызылорда облысында бірде-бір ана өлімі тіркелген жоқ....
Облыста ана өлімі 30 пайызға азайды

Облыста ана өлімі 30 пайызға азайды

Облыста денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында 2013-2014 жылдарға арналған «Жол...
Аралда былтыр ана өлімі болған жоқ

Аралда былтыр ана өлімі болған жоқ

 Арал. Арал ауданында денсаулық сақтау саласы бойынша 2012 жылмен салыстырғанда...
Пікір: