ОБЛЫСТЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР | 17 маусым 2017 ж. - 17:30 | Көрудің саны: 48
 17 маусым күні  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында облыстық соттың жаңа төрағасын таныстырды.
Ал, 5 жылға жуық уақыт  Қызылорда облыстық сотының  төрағасы болған Қайырбеков Нұрлан Мұратұлы Елбасының Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының  төрағасы қызметіне тағайындалды.  Аймақ басшысы жемісті еңбегі үшін Н.Қайырбековке ризашылығын білдіріп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қызылорда облыстық сотының төрағасы болып Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы тағайындалды. Қамбар Жұмабайұлы 1961 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қалалық сотында кеңесші, аға кеңесші болып бастаған.
Ұзақ жылдар  сот органдарында түрлі жауапты қызметтерде болған. 2016 жылдан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотында судья қызметін атқарып келді.
Сонымен қатар, Елбасының аталған Жарлығымен Қызылорда облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Шиғамбаев Әділхади Жұмабайұлы тағайындалды. Әділхади Жұмабайұлы 1968 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.Өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының Агроөнеркәсіп кешенінің механикалық-көліктік станциясынан бастаған.
Кейіннен құқық қорғау және сот органдарында жауапты қызметтер атқарып, 2012 жылдан бастап Атырау облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды.



Сондай-ақ... оқыңыз:

Төраға тағайындалды

Төраға тағайындалды

Сейсенбіде Қызылорда облыстық сотының мәжілісінде ҚР Жоғарғы Сотының судьясы,...
Қызылорда облысының соттарында жаңа тағайындаулар орын алды

Қызылорда облысының соттарында жаңа тағайындаулар орын алды

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 25.05.2015 жылғы №29 Жарлығымен Қызылорда облысының...
Басқарма басшылары тағайындалды

Басқарма басшылары тағайындалды

Аймақ басшысының өкімдерімен жаңадан құрылған басқармаларға басшылар тағайындалды....
Жаңадан құрылған басқармаларға басшылар тағайындалды

Жаңадан құрылған басқармаларға басшылар тағайындалды

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімдерімен жаңадан құрылған басқармаларға жаңадан...
Облыста жаңа судьялар тағайындалды

Облыста жаңа судьялар тағайындалды

Бүгін, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М.Қайырбеков жаңадан тағайындалған...
Пікір: