САЙЛАУДЫҢ САЯСИ МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР | 17 июнь 2017 ж. - 10:41 | Көрудің саны: 52
Кеше облыс әкімдігінде ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау нау¬қаны¬ның өткізілу барысы мен дауыс беруді ұйым¬дастыру мәселелері тақырында онлайн семинар-кеңес өтті. Оған ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов, облыстық, қалалық, аудандық әкім аппараттарының басшылары, барлық деңгейдегі мәслихаттардың ¬хатшылары, аумақтық сайлау комиссияларының мүше¬лері қатысты.
Б.Мелдешов таңдаушы депутаттар¬ды ¬электронды тіркеу, сайлауға халықаралық байқаушылар мен об¬лыс¬тың саяси-қоғамдық бірлестіктерінің қатысу қажет¬¬¬тігін айтты. «Үгіт-насихат жұмыстары заң ¬аясын¬да жүргізіліп жатыр», – ¬деген ол дауыс беру¬ді ұйымдастыру мәсе¬лелерін түсіндірді. ¬Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөнін¬дегі іс-шаралардың күнтіз¬белік жос¬парының орындалуы туралы ¬облыс әкімінің аппарат басшысы ¬Марат Делмұханов және облыстық сайлау комис¬сиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева -баяндады.
ҚР Парламенті Сенатының депутат¬тығына ай¬мақ¬¬тан 3 кандидат тіркелді. Канди¬даттардың бәсе¬келестігі республика¬лық көр¬сеткішпен бірдей. 28 маусым күнгі саяси маңызды шарада елі¬міз бойынша 506 сайлау комиссиясы немесе 3542 адам жұмыс істейді.
Семинар-кеңестен соң ҚР Орталық ¬сайлау комис¬сиясының хатшысы сайлау бюллетенін әзір¬лейтін бас¬паның, таң¬даушы¬лар¬дың бірлескен отырысы мен дауыс беруі өткізілетін орынның жай-күйімен танысты.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛДЫ

СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу...
ҚАЗАЛЫДА САЙЛАУҒА ӘЗІРЛІК ҚАРҚЫНДЫ

ҚАЗАЛЫДА САЙЛАУҒА ӘЗІРЛІК ҚАРҚЫНДЫ

Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесіне орналасқан аудандық сайлау комиссиясының тыңғылықты...
САЙЛАУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

САЙЛАУ ЖАЙЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қаладағы Достық үйінде «ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау және дайындық...
САЯСИ НАУҚАНҒА ӘЗІРЛІК ОЙДАҒЫДАЙ

САЯСИ НАУҚАНҒА ӘЗІРЛІК ОЙДАҒЫДАЙ

«Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында облыстық сайлау...
Қызылорда облысы бойынша 405736 сайлаушы тіркелді

Қызылорда облысы бойынша 405736 сайлаушы тіркелді

20 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға...
Пікір: