БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР | 17 июнь 2017 ж. - 10:47 | Көрудің саны: 44
 БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ ЕНГІЗІЛЕДІБейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бірыңғай коммуналдық төлем құжатын енгізу мәселесіне арналған мәжіліс өтті. Жиында осы бойынша атқарылып жатқан шаралар барысы баяндалды.
Бірыңғай төлем құжатының ¬басты мақсаты – тұтынушылардың төлем жүр¬гізуін жеңілдету, яғни қызмет көрсетуші меке¬мелерді араламай-ақ бір жерден төлем төлеу, тиімсіздікті азайту. Аймақ басшысы аталған қызмет баяу жиналатын төлемдерді арттыратынын, бұл тәжірибенің Астана, Алматы қалаларында кеңінен қолда¬нылатынын атап өтті. Енді бұл тиімді қызметті өңірде іске асыратын уақыт келді.
Жиын барысында «Қызылорда жарығы» холдингі бірлестігінің атқарушы ¬директоры Еркебұлан Есенбаев жаңа төлем қызметінің артық¬шылықтарына тоқталды. Аталған хол¬динг энер¬гиямен жабдықтаушы ұйым бол¬ғандықтан бұл қызметті жүргізу осы мекемеге жүктеліп отыр.
Қазірдің өзінде аталған жүйе ¬бойынша бірқатар шара жасалды. Облыстық энерге¬тика және тұрғын үй-коммуналдық ша¬руа¬шылық басқармасының ¬басшысы Медет Усаинның айтуынша, «Қызылорда-жылу¬электрорталығы» МКК, «Қызылорда су жүйесі» МКК және «Энергосервис» ЕЖШС арасында тиісті келісімдер жасалған. Касса-лық операцияларға және өзге де мәселелерге қатысты қаладағы екінші деңгейлі банктермен жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, 1 шіл-деден бастап «Ақмешіт», «Мерей» шағын аудандарында бірыңғай төлем құжатымен жұмыс атқаратын касса әзірленіп, пилоттық жоба ретінде енгізілмек.
Сонымен бірге, бірыңғай төлем құжатын енгізу¬де бірқатар кедергі де бар. Атап айтсақ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» мен «Қы¬зылорда су жүйесі» мекемелері үй ¬аралай¬тын жылжымалы кассалар арқылы төлем жинайды. Ал сол төленген қаражаттың кәсіпорын шотына мүлтіксіз түсетіндігі күмәнді болып отыр. Бұл үлкен қарыздардың қалыптасуына жол ашады. Одан бөлек «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның есептік және төлемдік екі билингті қолдануы. Ескі билингте барлық төлем жұмыстары жүргізілсе, жаңасында есептеу ғана бар. Ескі билингтің кемшілігі – жүйеге кез келген қызметкер кіре алатындығы. Демек, бұл билинг ішіндегі база көрсеткіштерін өзгертуге мүмкіндігі бар деген сөз. Ал жаңа билингтің осал тұсы тұтынушының тек пайдаланған су мөлшері көрсетіліп, оған төленген қаржы енгізілмейді. Бұл бірыңғай төлем құжатын енгізуге кері әсерін тигізуде.
Басқосуда коммуналдық төлемге байла¬нысты кемшіліктер де қозғалды. ¬Мысалы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мекемесі құ¬рыл-ғаннан бері мекемеде ешқандай або¬ненттік төлем базасы болмаған. ¬Соны¬мен қатар, қаланың коммуналдық кәсіп¬орын¬дарында тұтынушылар базасы қалып¬тас¬паған.
Жиын соңында облыс әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, төлем құжатын енгізу жұмыстарын қатаң бақы-лауға алуды міндеттеді.
Мәди ҚҰРМАНӘЛІ.

Сондай-ақ... оқыңыз:

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

15 маусымда Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен...
Миллион теңгеден астам төлем негізсіз алынған

Миллион теңгеден астам төлем негізсіз алынған

Қызылордалық прокурорлар миллион теңгеден астам негізсіз алынған төлемдерді...
Ұлттық банк ескі нұсқадағы 1 000 теңгеліктердің айналымнан шығарылатынын еске салды

Ұлттық банк ескі нұсқадағы 1 000 теңгеліктердің айналымнан шығарылатынын еске салды

ҚР Ұлттық банкі 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік...
ЭНЕРГЕТИКАҒА ҮЙЛЕСІМДІ ҚЫЗМЕТ ҚАЖЕТ

ЭНЕРГЕТИКАҒА ҮЙЛЕСІМДІ ҚЫЗМЕТ ҚАЖЕТ

Сейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен мәжілісте аймақ...
Неке қиюды тіркеуге электрондық өтініш беру

Неке қиюды тіркеуге электрондық өтініш беру

«Электрондық үкімет» порталын дамыту мақсатында 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап,...
Аудан әкімі газ жүргізудің төлем нормаларымен танысты

Аудан әкімі газ жүргізудің төлем нормаларымен танысты

Аралдықтар газ тарту жұмысына белсене кіріскен. Қазіргі таңда ауданда газ жүргізуге...
Пікір: