САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қызылорда облысы аудандарының барлығында тамыз айының 7, 8, 9-ында облыс аумағындағы өкілеттік мерзімі аяқталған 67 және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған 5 кент пен ауылдық округ әкімдерін сайлауы өткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов БАҚ өкілдеріне сайлау қорытындысын жариялады.
Сайлау 4 жыл сайын өтеді. Биылғы жылғы сайлауда әкімдікке ұсынылған 166 кандидаттың 7-еуі тіркеуге дейін шықса, Қазалы ауданының 10 үміткері тіркелгеннен кейін шығып қалды. Дауысқа 149 кандидат түсіп, оның 72-сі таңдаушылардың көпшілік дауыстарына ие болып, жаңадан әкім болып сайланды.
Сайланған 72 әкімнің ішінде, қайта сайланғаны -50 болса, 22-і жаңадан сайланды. Олардың 2-еуі әйел. Ең жасы 28 жастағы Сырдария мен Арал ауданының әкімдері, ең үлкені 60 жаста.





НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2017 г. 54 0