БЕЛКӨЛГЕ БИЫЛ ГАЗ КЕЛЕДІ

Кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Белкөл кентін газдандыру жұмыстарымен танысты. Пресс тур барысында журналистерге аймақтағы газдандыру жұмыстарының барысы баяндалды.
Облыстың аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда. Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының газ таратушы желілерін салу жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік-сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сондай-ақ, биыл облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн. теңге қаржы қаралды. Қала іргесіндегі кентті газдандыру жұмыстары сәуір айынан басталып, бүгінде 20 шақырым газ құбыры жүргізілді. Осы жылы қараша айында кент тұрғындары «көгілдір отынды» пайдалана бастайды, дейді Қызылорда облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, газ инфрақұрылымын дамыту және қауіпті өндірістік нысандарды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Мадияр Сәдуахасұлы.
Соңғы жылдары аймақта қарқын алған газдандыру ісі биыд да бәсеңдемейді. Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 500 млн, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2017 г. 180 0