Юрий ПЯ: Алғаш рет науқасқа жасанды жүрек қойылды

Елімізде 19 қазан күні алғаш рет жасанды жүрек импланты салынған емделуші оңалу курсынан өтіп, жақын күндері ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бірегей жасанды аппаратты «Кармат» француз компаниясы мен Еуропалық аэроғарыш концерні бірлесіп шығарған. Ол жүректі толығымен алмастыра алады. 
Мақсат – донор табылғанша емделушінің өмірін ұзартып сақтау. Ал бір жасанды жүректің құны – 1 миллион еуро.
– Соңғы жарты жылда оның аяғы ісіп жүре алмаған. Біз Құнанбайды осында арбаға отырғызып әкелдік. Ал операциядан кейін жағдайы жақсарды. Қазір тамаққа тәбеті жақсы, ұйқысы да тыныш" - дейді науқас Құнанбай Абраевтың жұбайы.
Дәрігерлердің айтуынша, 60 жастағы Құнанбай Абраевтың жағдайы қалыпты, ешқандай ауытқулар жоқ. Енді мамандар алдағы уақытта тағы осындай 4 операция жасамақ.
"Бұл – жай ғана жасанды жүрек емес, бұл емделушілерге үміт сыйлау. Өйткені оның қасиеттері адам ағзасының қалыпты жағдайдағы жұмысына сай келеді" - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ төрағасы Юрий Пя.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 желтоксан 2017 г. 124 0