ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қызылордалықтар!

Санаулы уақыттан соң жаңа 2018 жылды қарсы аламыз.
Өткен жыл өңіріміз үшін жетістіктерге толы жыл болды. Біздің облыс әлеуметтік саланы дамыту, өңдеу өнеркәсібі мен ауылшаруашылық саласының өсу қарқыны, тұрғын үй құрылысы көлемі бойынша республикада алдыңғы қатарда.
Сыр елінің өсіп-өркендеуіне Сіздер­дің әрқайсысыларыңыздың қосқан үлестеріңіз зор.

Ардақты жерлестер!

Биылғы жылды зор табыспен аяқтағандарыңыз үшін Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Жаңа 2018 жыл Сыр елі үшін берекелі әрі нәтижелі жыл болсын, Елбасының қойған міндеттерін орындауда жаңа жетістіктерге жетейік.
Жаңа жылда алға қойған мақсат­тарыңыз бен аңсаған армандарыңыз орындалсын. Сіздерге мол табыс, бақ-береке, отбастарыңызға амандық тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Құрметпен,
Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 желтоксан 2017 г. 136 0