САХНАДА – «АЙ-ҚАРАГӨЗ»ТРАГЕДИЯСЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ | 24 октябрь 2013 ж. - 09:43 | Көрудің саны: 932
САХНАДА – «АЙ-ҚАРАГӨЗ»ТРАГЕДИЯСЫАптаның алғашқы күні кешке Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының гастрольдік сапарының ашылу салтанаты өтті.
Алматы қаласынан арнайы келген өнер майталмандарына облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов шығармашылық табыс тілеп, Сыр өңіріндегі сапарларына сәттілік білдірді. Театрдың көркемдік жетекшісі әрі директоры, Қазақстанның халық әртісі, профессор Талғат Теменов театр ұжымының осынау сапарына қолдау көрсеткені үшін облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына ризашылық сезімін жеткізді. Сондай-ақ, көрермен қауымды айтулы өнер мерекесінің ашылу салтанатымен құттықтай келе бағдарламадағы барлық спектакльдерді көріп, көтеріңкі көңіл күйге бөленулеріне шақырды.
Сахна шымылдығы «Ай-Қарагөз» трагедиясымен түрілді. Спектакльдің жаңа нұсқасын жасаған қоюшы-режиссер Талғат Теменов. Әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Мұхтар Әуезовтің шығармасы бойынша сахналанған қойылымда халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы шынайы көрініс тапқан. Зар замандағы бір-біріне қосыла алмайтын һәм қосылуға құқы жоқ қос ғашықтың қатал тағдыры ақыры трагедиямен аяқталады.
Бас кейіпкерді сомдаған үшінші Орта Азия елдері халықаралық театр фестивалінің лауреаты Аида Жантілеуова шеберлігі көрермендерді үлкен әсерге бөледі. Қойылым финалында тағдырына іш-құса болып, ақылынан алжасып кететін бейкүнә жастың аянышты өлімі көпшіліктің көзіне жас үйірілтті. Ғашығы үшін қаншама қиындыққа төзіп, соққыға жығылатын, Қарагөздің суық денесін кеудесіне қысып, аһ ұрып қала берген Сырым батыр рөліндегі жас әртіс Дархан Сүлейменов өнеріне тәнті болмасқа шараң жоқ. Қарагөздің күйеуі Наршаны сомдаған Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Мұхитдин Шынтаев, Найман мен Арғын аталықтарын аузына қаратқан Мөржан бәйбіше рөліндегі ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлжамал Қазақбаева, жұртшылыққа «Тамашаның тарланы» ретінде танымал бас құда Тойсары рөліндегі ҚР еңбек сіңірген әртісі Кәдірбек Демесінов, басқа да артистердің өнеріне көрермендер қошемет көрсетті.
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапарының ашылу салтанатына арнайы келген аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев «Ай-Қарагөз» трагедиясын көріп, тамашалады.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ұрпақтар сабақтастығы» («Времен связущая нить») қайырымдылық жобасы біздің...
КӨРЕРМЕННІҢ КӨБЕЙГЕНІ – ӨНЕРДІҢ ӨСКЕНІ

КӨРЕРМЕННІҢ КӨБЕЙГЕНІ – ӨНЕРДІҢ ӨСКЕНІ

Таяу күндері, яғни 21-26 қазан аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік...
САРЫАРҚАНЫҢ САЗ САМАЛЫ

САРЫАРҚАНЫҢ САЗ САМАЛЫ

Өткен жексенбінің кешінде Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма...
ШИЕЛІЛІКТЕР ТӘТТІМБЕТ КҮЙЛЕРІМЕН СУСЫНДАДЫ

ШИЕЛІЛІКТЕР ТӘТТІМБЕТ КҮЙЛЕРІМЕН СУСЫНДАДЫ

Қарағанды облысының Сыр өңірінде өткізіліп жатқан мәдени күндерінің аясында...
АЛАШТЫҢ АРДАҚ ТҰТҚАН АЗАМАТЫ

АЛАШТЫҢ АРДАҚ ТҰТҚАН АЗАМАТЫ

Сейсенбінің кешінде Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында...
МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІ, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ

МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІ, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ

Өткен жұма күні облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында осындай...
Пікір: