МОЛШЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ | 29 октябрь 2013 ж. - 11:51 | Көрудің саны: 503
МОЛШЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІЖылдағы дәстүр бойынша Жалағаш ауданының егінші-механизаторларының мерейін тасытқан «Алтын дән» мерекесі тойланды. Мерекеге орай ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған жұртшылықтан көз сүрінеді. 
Онда күнделікті тұтынатын бақша өнімдері  базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада саудаға шығарылды. Айталық, картоп келісі 60 теңге, сәбіз – 70 теңге, жуа – 45 теңге, күріш 100 теңгеден сатылып, ел-халықтың қажеттілігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ, Аққыр ауылынан әкелінген қой-тоқты малдары, «Сәрке батыр» ЖШС-нен әкелінген  бағулы қошқарлар да 15-20 мың аралығында сатылып, көптің көңілінен шықты.  Ал, М.Шәменов ауылына қарасты жеке кәсіпкер Манат Сермаханованың иелігіндегі  «Бәйбішекөлден» және Еңбек Қонақбаевтың иелігіндегі  «Қаңлыбай»  көлінен ауланған балық  өнімдері  таразы басында-ақ таласқа түсіп жатты. Сонымен қатар, отын, жем-шөп өнімдері де қолайлы бағада сатылымға шығарылды. 
Білім бөлімі ұйымдастырған мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдары және күріштен жасалған тағам түрлерінің көрмесі   көпшілікті таң-тамаша қалдырып, тәнті етті.
Орталық алаңдағы сахнада мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының мерекелік қойылымы, концерттік бағдарламасы көпшіліктің  көңілін күйге бөлеп, қуанышқа кенелтті. Сахна төріне аудан әкімі С.Сермағамбетов көтеріліп, аудан халқын дәстүрлі «Алтын күз» мерекесімен құттықтады. Екі жыл қатарынан облыс бойынша екінші орынды  иеленген аудан диқандарының ерен еңбегін  ерекше құрметпен атап өтті. Ала жаздай аттан түспей, ел ырысын еселеп, адал еңбегінің абыройына бөленген азаматтарды салтанатты түрде құттықтап, оларға лайықты марапаттауларды, бағалы сыйлықтарын табыс етті. 
Арнайы тігілген ондаған киіз үйлерде еңбек озаттарына  ақ дастарқан жайылып, сый-құрмет көрсетілді. 
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Жалағаш ауданы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

«Алтын күз» мерекесі атап өтілді

«Алтын күз» мерекесі атап өтілді

Жалағаш. Ауданда «Алтын күз» мерекесі атап өтілді. Онда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі...
ТОҚШЫЛЫҚ ТОЙЫ

ТОҚШЫЛЫҚ ТОЙЫ

Берекелі де мерекелі алтын күз келіп, Сыр аймағы молшылықтың торқалы тойына кенелуде....
АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

негізгі азық-түлік өнімдерінің 8 қазандағы бағасы Облыстық ауыл шаруашылығы...
АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

негізгі азық-түлік өнімдерінің 1 қазандағы бағасы Облыстық ауыл шаруашылығы...
БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

Күз қашан да молшылық пен тоқшылық, ұлан - асыр тойлардың мезгілі. Бұлай болатын...
АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

АРЗАН БАҒА ҚАЙДА БАР?

негізгі азық-түлік өнімдерінің 10 қыркүйектегі бағасы...
Пікір: