«ҚАЙСАРДЫ» МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ | 31 октябрь 2013 ж. - 09:11 | Көрудің саны: 506
«ҚАЙСАРДЫ» МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТЕДІҮстіміздегі жылы Қызылорданың «Қайсары» бірінші лигада ойнап, бірнеше тур бұрын Премьер-лигаға берілетін жолдаманы қалтаға басты. Доп додасы барысында жерлестеріміз жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті. Әрбір ойында жанкүйер сенімінен шығуға күш салды. Соның нәтижесінде біздің команда ұпай қорын молайтып, турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді қолға алды. Биылғы маусымда бірінші орын алып, қарсыластарынан көш бойы ұзап кеткен «Қайсар» енді келер жылы үздіктер қатарында бақ сынайтын болады. 
Ертең, 1 қарашада сағат 18.00-де облыс орталығындағы Студенттер сарайында (облыс әкімшілігі ғимаратының жанында) «Қайсар» футбол клубы өз жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Шара барысында команданың Премьер-лигаға өтуіне байланысты шағын алтын медальмен марапаттау рәсімі жоспарланған. Футбол мерекесіне келіңіздер. Кіру тегін.


Сондай-ақ... оқыңыз:

«Қайсар» Семейде тең түсті

«Қайсар» Семейде тең түсті

Семей. Қызылорданың «Қайсары» 23 қазан күні Семейде жергілікті «Спартакпен»...
ҚАЙСАР СЕНІМДІ АҚТАДЫ

ҚАЙСАР СЕНІМДІ АҚТАДЫ

Өткен жылдың соңында Қызылорданың «Қайсар» командасына байланысты алыпқашпа сөздер...
АНТ ҚАБЫЛДАҒАН ӘСКЕРИЛЕР

АНТ ҚАБЫЛДАҒАН ӘСКЕРИЛЕР

Кеше облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» жанында әскери қызметшілердің ант қабылдау...
ЖҮЗЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

ЖҮЗЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

Кеше Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда Қазақстан...
«ҚАЙСАР» ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ОРАЛДЫ

«ҚАЙСАР» ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ОРАЛДЫ

Еліміздің футбол біріншілігі мәресіне жақындап келеді. Енді бірнеше турдан кейін доп...
«ҚАЙСАРДЫҢ» ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

«ҚАЙСАРДЫҢ» ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

Кеше орталық стадионда Қызылорданың «Қайсары» Алматы облысының «Іле-Сәулет»...
Пікір: