ІІ «БАЙҚОҢЫР» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ | 02 ноябрь 2013 ж. - 00:49 | Көрудің саны: 10 339
ІІ «БАЙҚОҢЫР» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ2013 жылдың 13-14 қарашасы
2013 жылдың 13-14 қарашасында Қызылорда және Байқоңыр қалаларында ІІ «Байқоңыр» инвестициялық форумы өткізіледі.
Форумның мақсаты – инвестициялық ахуалды жақсарту, қаржы инфрақұрылымдарын дамыту, отандық және шет ел инвесторларының аймақтағы компаниялармен индустриалды, туристік және аграрлық салаларында өзара тиімді әріптестікті орнықтыру.
Ұйымдастырушы:
Қызылорда облысының әкімдігі. «KAZNEX ІNVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның қолдауымен. 
Форумға қатысуға Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік-бірлестіктер, банк секторы, мемлекеттік органдар, даму институттары, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және басқа елдердің өкілдері шақырылған.
Форум бағдарламасының секция тақырыптары:
«Металлургиялық кластердің даму келешегі»;
«Байқоңыр қаласының дамуы» Байқоныр кешеніне барумен;
«Аймақтың транзиттік потенциалы – даму мүмкіндіктері»;
«Күріш және ет мал шаруашылығы – облыс агроөнеркәсібінің  негізгі кешені».
Аймақтың экономикасы туралы кейбір мәліметтері
Аймақ экономикасының негізі мұнай-газ секторы болып табылады. 
Өңдеу өнеркәсіп айналымы күш алып келеді. Жақында күкірт қышқыл зауыты пайдалануға берілді. Ақшабұлақ кен орнында 87 мегаватт қуаттылығымен газтурбиналық электр станциясы салынды.
Таяуда жоғары сапалы кварцты құм кен орнында шыны зауытының құрылысы басталатын болады.
Цемент және керней зауыттарын салуға жоспарланған. Заманауи атомдық индустрияны дамытуды  жоспарлануда. 2015 жылға облыста таяу қазақстандық уранның жартысына жуық өндірілетін болады. 
Облыс оңтүстігінде металлургиялық кластерді жасау бойынша жұмыс басталды. Себебі, бұл жер қойнауында түгелге жуық Менделеев кестесін кездестіруге болады. 
Әлемдегі ең ірі бес кен орнына ванадий кен орны кіреді. Мамандардың бағалауынша, аймақ бұл элементтің 10% әлемдік қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіншілігіне ие.
Мыс пен цинк, алтын мен молибден, цирконий мен титан қорлары бар. Сондай-ақ кадмий, германий, күміс және селен, темір, фосфорит және цирконий-титан кендері табылған. Ал, Шалқия қорғасын-мырыш ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. 
Бұның бәрі аймақтың өркендеуімен болашақта қамтамасыз ететін «алтын қор» болады.
Бүгінгі таңда, Қызылорда облысының 90% белгілі Қазақстандық «Маржан» күріш сорты өндірілетін елдің жетекші күріш аймағы болып саналады. Бұл бағалы дән байырғы заманнан өсіріліп, пайдаланылады.
Мал шаруашылығы дамып келеді. Жақында құрылған Қазақстанның ең ірі оңтүстік тауарлық сүт фермасы халыққа қызмет көрсетіп, ал жақын келешекте шетелдік нарықтарға шығуды мақсат қылуда.
Әрине, біздің аймақтың ерекшелігі –Байқоңыр – ол бүкіл ғаламшарға белгілі, адамның ғарыштық кеңістігінің өжет шабуылы. 
Ғарышқа ұшыру әрқашан миллиондаған адамдардың көріп қалғысы келген көрінісі болып келеді! 2017 жылы қала мен ғарыш аймағын бүкіләлемдік «ЭКСПО-2017» көрме қонақтары көреді.
Осыған байланысты, Байқоңырда бүгіннен бастап туристік кешенді жасау жұмыстары басталды.
Бұл қаланың индустриалды-инновациялық даму бойынша іске асырылатын жоспарлары Байқоңыр тарихында қалады.
Өңірдің транзиттік потенциалы орасан зор. Облыс аймағымен ең ірі автомагистральдың бір бөлігі «Батыс Қытай-Батыс Европа» өтеді. 800 шақырымнан астам! Жол бойындағы инфрақұрылымдық жұмыстары басталды.
«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жол желісі Кызылорданы елдің барлық бағытына алып шығады.
Аймақтың әуе кеңістігі арқылы көптеген әуе жолдар өтеді. Кызылорда қаласының әуежайы ірі тоннажды әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігіне ие, ал осы жылы заманауи және халықаралық класты терминалдың құрылысы басталады.
Қызылорда облысы болашаққа сеніммен қарайды, молшылық және көркемдеу, сәттілік және саулық, тұрақтылық және жасампаздық символы болуға ұмтылады!
ІІ «Байқоңыр» инвестициялық форумына қош келдіңіздер!
Форумның өткізілетін орны:
2013 жылғы 13 қараша, Қызылорда қаласы, Бастау бизнес-орталығы.
Пленарлық мәжіліс
Секциялар:
«Металлургиялық кластердің даму келешегі»;
«Аймақтың транзиттік потенциалы  даму мүмкіндіктері»;
«Күріш және ет мал шаруашылығы – облыс агроөнеркәсіп кешенінің   негізі»;
14 қараша 2013 жыл Байқоңыр қ., __________ бизнес-орталығы. 
«Байқоныр қаласының дамуы» секциясы
Байланысу үшін:   
Пленарлық мәжіліс:
Назаров Ерлан Асылбекұлы, Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының басшысы, тел. 8-724-26-29-11, ұялы тел. 8-771-888-88-33.
e-maіl: uvs.kzorda@gmaіl.com
Шмарина Елена Вячеславовна, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, тел. 8724 26-15-94, ұялы тел.  8-777-262-22-74.
«Металлургиялық кластердің даму келешегі» секциясы:
Сейдаханов Іскендір Өркенұлы, «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының төраға орынбасары, тел. 8724 60-51-60, ұялы тел.  8-701-555-44-66
«Байқоңыр қаласының  дамуы» және Байқоныр кешеніне бару секциясы:
Шмарина Елена Вячеславовна, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, тел. 8724 26-15-94, ұялы тел.  8-777-262-22-74.
«Аймақтың транзиттік потенциалы  даму мүмкіндіктері» секциясы: 
Кульбаев Бегман Бахытұлы, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, тел. 8724 27-77-97, ұялы тел.  8-701-575-35-43.
«Күріш және ет мал шаруашылығы – облыс агроөнеркәсіп кешенінің негізгі» секциясы:
Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, тел. 8724 23-53-34, ұялы тел. 8-701-181-12-28.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ҚҰРМЕТТІ ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМ!

ҚҰРМЕТТІ ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМ!

«Сыр елі – жыр елі» демекші, Сыр сүлейлерінің заңды жалғастырушылары  жастар....
БАЙҚОҢЫР ӘКК: БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР

БАЙҚОҢЫР ӘКК: БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР

Соңғы жылдарда Сыр өңіріндегі іргелі жобаларды жүзеге асыруда «Байқоңыр»...
ӨНДІРІСТІ ӨҢІРМЕН БАЙЛАНЫС АРТАДЫ

ӨНДІРІСТІ ӨҢІРМЕН БАЙЛАНЫС АРТАДЫ

Қарағанды облысының мәдениет және өнер күндері аясында Қызылорда және Қарағанды...
ӨНЕРІНДЕ ҒАРЫШТЫҢ СЫРЛАРЫ БАР

ӨНЕРІНДЕ ҒАРЫШТЫҢ СЫРЛАРЫ БАР

Аймақ басшысы ғарышты қаладан келген меймандар алдында өңірдің...
ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІН БАЙҚОҢЫРЛЫҚТАР БАСТАЙДЫ

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІН БАЙҚОҢЫРЛЫҚТАР БАСТАЙДЫ

Облыс әкімі қыркүйек айында өткен тұрақтың кеңестің отырысында биылғы қала күні...
БАЙҚОҢЫРДЫҢ БОЛАШАҒЫ

БАЙҚОҢЫРДЫҢ БОЛАШАҒЫ

Елбасы тапсырмасына сәйкес «Байқоңыр» ғарыш кешені «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік...
Пікір: