АРДАҚТЫ АЗАМАТТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДОДА | 02 ноябрь 2013 ж. - 00:14 | Көрудің саны: 682
АРДАҚТЫ АЗАМАТТЫ ЕСКЕ АЛДЫҚармақшы ауданында дзюдодан 1994-1995 жылдарда өмірге келген жастар арасында ауыл шаруашылығының ардагері Болатбек Сүлейменов атындағы халықаралық турнир мәресіне жетті. Оған еліміздің бірқатар өңірлері мен Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 150-ден астам балуан қатысты. 
Қармақшы ауданының Құрметті азаматы атанған Б.Сүлейменовті еске алуға арналған турнир биыл ХІІІ мәрте өткізілді. Татами төріндегі тайталаста шыңдалған шымырлар кейіннен түрлі жарыстарда топ жарып жүр. Олардың қатарында дзюдо, самбо және қазақ күресінен әлем чемпионы атанған Бауыржан Райысов, Айбек Серікбаев, Бауыржан Жауынтаев, Азия чемпионы Мейіржан Қуанбаев, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Ержан Абдуллаев, Еламан Ерғалиев сынды балуандар бар. 
Биылғы жарыста да Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданының атынан қатысқан спортшылар жүлделі орындардан көріне білді. Атап айтқанда, қызылордалық Саламат Жұрқабаев (81 келі) және қармақшылықтар – Мақсат Исағабылов (90 келі), Нұрым Сәлімгереев (100 келі) алтыннан алқа тақты. Осындай жетістікке түркістандықтар – Ерболат Омарқұл (66 келі), Дидар Хамза (73 келі), атыраулық Шынболат Хасанов (60 келі), Шығыс Қазақстан облысынан келген Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) және өзбекстандық Сүйіндік Жұманов (55 келі) ие болды.
Әділжан ҮМБЕТ.     


Сондай-ақ... оқыңыз:

АЛМАС ӨТЕШОВ – КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

АЛМАС ӨТЕШОВ – КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

Польшаның Вроцлав қаласынан жеткен жағымды жаңалық Қызылорда жұртшылығын желпіндіріп...
Жартылай финалға 8 боксшы өтті

Жартылай финалға 8 боксшы өтті

Алматы. Оңтүстік астанамызда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай...
4 боксшы жартылай финалға өтті

4 боксшы жартылай финалға өтті

Алматы. Бүгін, 23 қазанда Алматы қаласында өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінде...
Ауылда ел біріншілігі өткізілді

Ауылда ел біріншілігі өткізілді

Жаңақорған. Ауданның М.Нәлібаев ауылында еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға...
Жерлестеріміз жетінші орыннан көрінді

Жерлестеріміз жетінші орыннан көрінді

Шымкент. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында...
Илья әлем чемпионатында бапкер болады

Илья әлем чемпионатында бапкер болады

Үстіміздегі жылдың 19-27 қазаны аралығында Польшаның Вроцлав қаласында ауыр...
Пікір: