БАЛАЛАР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ | 14 сентябрь 2013 ж. - 14:14 | Көрудің саны: 1 195
БАЛАЛАР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫАймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың жұмыс сапары осы күні Қармақшы ауданының Төретам және Жосалы кенттерінде жалғасты.
Облыс әкімі алдымен Төретам кентінде болып, осындағы жаңадан ашылған әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қатысты. Мемлекет басшысының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында кентте пайдалануға берілген 600 орындық мектептің құрылысын «Болашақ» ЖШС өткен жылы бастапты. Бұған дейін кенттегі ескі білім ошағында білім алған оқушылар енді заман талабына сай салынған жаңа ғимаратта оқиды. Білім күні есігін айқара ашқан жаңа мектепке облыс әкімі арнайылап ат басын бұрды. Салтанатты шараны ашқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев кент тұрғындары мен ұстаздар қауымына ізгі лебізін арнады.
– Қадірлі жас жеткіншектер, баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Тәуелсіз еліміздің сіздерге жасаған тартуы – жаңа мектепте тиянақты білім алуларың үшін барлық мүмкіндік жасалған. Халқымыздың аяулы арманы мен үкілі үмітін іске асыратын сіздер боласыздар. Туған елінің тірегі мен қорғаны болатын, тек бір әулеттің емес, барша ұлттың сенімінен шығатын азамат болуларыңа тілектеспін, - деген облыс басшысы Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жоспарлы жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. 
Мәселен, өңірімізде жарық та сәнді, еңселі мектептер мен медициналық ғимараттар, мәдениет ошақтары көптеп бой көтеруде. Соңғы жылдары Төретам мен Ақай ауылында да электр энергиясы, ауыз су, қоғамдық көлік, жол, көше жөндеу мәселелері шешімін тауып, тұрғындардың жеке кәсіп ашуына жағдай барынша жасалып келеді. Мұнда халық саны өскен сайын әлеуметтік нысандар қатарының көбеюі заңдылық. Төретамнан тағы бір мектептің салынуы осындай қажеттіліктен туындап отыр. Қармақшы ауданында осы жылы 3 білім ошағы бой көтерді. Т.Көмекбаев ауылында – 300, Қызылтам станциясында – 100 және Төретам кентінде 600 орындық мектептер салынып, ел игілігіне ұсынылды. Жалпы, биылғы жаңа оқу жылында бізде 12 мектеп пен 26 балабақша іске қосылса, жыл аяғына дейін тағы 8 білім мекемесі ел игілігіне беріледі деп күтілуде. 
БАЛАЛАР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫСалтанатты шарада облыс әкімі Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасында «Жол картасы» бағдарламасы әзірленіп жатқанын және Байқоңыр қаласы мен Қорқыт ата кешені енді 4 жылдан соң Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынылатынын, осы бағыттағы жұмыстар бүгіннен басталғанын жеткізді. 
Мұнан соң облыс басшысы бастаған қонақтар жаңа мектептің сыныптарын аралап көрді. 
Арал ауданынан басталған жұмыс сапарын аймақ басшысы Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде қорытындылады. 
Осы күні аудан әкімдігі Қорқыт ата көшесі бойында салынған жаңа ғимаратқа қоныс аударған еді. Қос қабатты әсем ғимаратты осы салада өзіндік қолтаңбасы бар «Айдана» құрылыс компаниясы» ЖШС құрылысшылары былтырғы желтоқсанда бастапты. 123 млн. теңгенің құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, нысанды уақытында тапсырған компания басшылығына қармақшылықтар дән риза. Аудан орталығы тұрғындарының қуанышына ортақтасқан аймақ басшысы жаңа нысанның тұсаукесер рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысы Қ.Көшербаев киелі Қармақшы топырағынан елімізге белгілі Еңбек ерлері көптеп шыққанын, осы ізгі дәстүрді үзбей жалғастыру қажеттігіне тоқталды.  
Облыс басшысы аудан бюджетінің жыл басынан бері 3 млрд. теңгеге өскенін, ауданда кәсіпорын ашып, мал шаруашылығын дамыту қажеттігін жеткізді. Аудан экономикасын көтеру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өткен Қ.Көшербаев әкімшіліктің жаңа ғимаратын аралап көрді.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Байқоңыр қалалық әкімшілігінде болып, қала басшысы Александр Мезенцевтің кенеттен қайтыс болуына байланысты ұжымға көңіл айтты. 
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ. 


Сондай-ақ... оқыңыз:

ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауын насихаттау тұрақты дәстүрге айналды. Әсіресе...
БОЛАШАҒЫ МОЛ БАҒДАРЛАМА

БОЛАШАҒЫ МОЛ БАҒДАРЛАМА

Ауыл арасында кәсібін дөңгелетіп, отбасын асырап отырғандар баршылық. Олардың бірі...
АЛДА АТҚАРЫЛАР ІСТЕР АУҚЫМДЫ

АЛДА АТҚАРЫЛАР ІСТЕР АУҚЫМДЫ

Елбасы Жолдауы әлемдік өркениетте өзіндік орны бар еліміздің ертеңі үшін ерекше...
ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Жақында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының...
САҚАДАЙ САЙ ӘЗІРЛІКТЕ

САҚАДАЙ САЙ ӘЗІРЛІКТЕ

Жиында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуаныш Ахметов ауыл шаруашылығы...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БЕТБҰРЫС БАР

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БЕТБҰРЫС БАР

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы» атты Жолдауында...
Пікір: