ТАҚЫРЫПҚА ТАПСЫРЫС: «АЛТЫН БЕСІК – ТУҒАН ЖЕР»

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ | 05 ноябрь 2013 ж. - 10:05 | Көрудің саны: 1 127
ТАҚЫРЫПҚА ТАПСЫРЫС: «АЛТЫН БЕСІК – ТУҒАН ЖЕР»Облыстық «Сыр бойы» газетінің сайты бәйге жариялайды. Бәйге «Алтын бесік – туған жер» тақырыбында өткізіледі. 
Атамыз қазақ «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» дейді. Десе дегендей, әркім өзінің кіндігі кесілген, ат жалын тартып мінген, азамат болып ержеткен туған топырақты жүрек түкпірінен мәңгілік өшіре алмайды. Осы орайда біз әрбір азаматтың өзінің өмір есігін ашқан құтты мекені жайында жылы лебізіне құлақ түру мақсатында аталмыш бәйгені қолға алуды дұрыс көріп отырмыз. 
Оған әрбір азамат қатыса алады. Мейлі, ол оқырман туған жерден жырақ жүрген, ауылда тұратын азаматтар болса да  бәрібір. Қойылатын талап төмендегіше. Бәйгеге қатысқысы келген кісілер сол жердің тарихы, ол елді мекеннен шыққан атақты азаматтар және өзге де дүниелер қамтуы тиіс. Сондай-ақ, ауылдың өмірі жайындағы суреттердің болуы да қажет етіледі. Оларды газеттің электрондық  поштасына жолдаңыздар. Бәйгеге келіп түскен шығармалар «Сыр бойы» сайтында жарияланады. Үздік деп танылғандары газеттің қағаздық нұсқасында жарық көреді.
Үздік деп танылған шығармаларға арнайы сыйлығымыз бар. Сіздерден хат күтеміз.  Шығармалар тек электрондық нұсқада қабылданады. Электронды поштамыз: syrboyі@maіl.ru


Сондай-ақ... оқыңыз:

«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІ ЖАҢАША КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІ ЖАҢАША КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгінгі күннің бедерінде баспасөз саласына жүктелетін міндет ауқымы кең. Оқырман...
ЖЕҢІМПАЗ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

ЖЕҢІМПАЗ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

Польшаның Вроцлав қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде күміс...
«ТЫҢДА МЕНІ ЖҮРЕКПЕН»

«ТЫҢДА МЕНІ ЖҮРЕКПЕН»

Қызылорда қаласындағы А.Пушкин атындағы орталық қалалық кітапханада «Тыңда мені...
ОТАНШЫЛ БОЛ, ЖАС ҰРПАҚ!

ОТАНШЫЛ БОЛ, ЖАС ҰРПАҚ!

Қазіргі кезде тәрбиенің жан-жақты, сан қырлы, әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына...
ЖАҢА ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАМЫЗ ҚОСЫЛДЫ

ЖАҢА ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАМЫЗ ҚОСЫЛДЫ

Бүгінгі күннің бедерінде баспасөз саласына жүктелетін міндет ауқымы кең. Оқырман...
ТУҒАН ҚАЛАҒА ТОЛЫМДЫ ТАРТУЛАР

ТУҒАН ҚАЛАҒА ТОЛЫМДЫ ТАРТУЛАР

Қала күні құрметіне арнайы салынған аллеяларды аралаған аймақ басшысы Қырымбек...
Пікір: