«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН» ҮЗДІК ШЫҚТЫ

«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН» ҮЗДІК ШЫҚТЫСалауаттылықты серік еткен мұнайшылар қауымы дәстүрлі спартакиадада бақ сынады. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арнап,  «Торғай Петролеум» АҚ ұйымдастырған спорт додасына  «ПетроҚазақстанҚұмкөл Ресорсиз» компаниясына қарасты бөлімшелер мен «ҚазГерМұнай» БК ЖШС қызметкерлерінен жасақталған 5 команда қатысты.
Денсаулықтың кепілі – спортпен тұрақты шұғылданатын мұнайшылар салауатты қоғамның берік іргетасын қалайды. Басты мақсаты да осы.  
Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде спортшыларды «ПетроҚазақстан» компаниясының  вице-президенті Бақытжан Исенғалиев пен доданың биылғы ұйымдастырушысы «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамының атқарушы директоры Сағит  Алтынбеков құттықтады.
Екі күнге созылған спартакиадада үстел теннисі бойынша  «ПетроҚазақстан» командасының теннисшілері өз ойын шеберлігімен І орынды жеңіп алды. ІІ орынға «Қазгермұнай БК» ЖШС командасы орналасса, ІІІ орынды – «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» командасы иеленді.
Бадминтон бойынша, 3-орынға қазгермұнайлықтар тұрақтаса,  2-орын алматылық «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез инк» командасына бұйырды. Ал үздік бадминтоншылар болып танылған «ПҚҚР» командасы бірінші орын тұғырына көтерілді.
Бильярдтан бірінші орын жүлдесіне осыған дейін спартакиаданың екі дүркін чемпионы атағын иеленген «Торғай Петролеум» командасының ойыншысы Азамат Елемесов  лайық деп табылды. Екінші орынға Шымкент командасының ойыншысы Қанат Омаров көтерілсе, үшінші жүлде петролық  компаниясының қызметкері Алмас Бекеновке бұйырды.
Мини-футболдың көрігін қыздырған «Торғай Петролеум» командасы қола жүлдеге қол созса, «ПетроҚазақстан» тобы күмісті иеленді. Алтыннан алқа таққан «ҚазГерМұнай» командасы жеңіс туын желбіретті.
Осылайша өрбіген ойында басты олжа – спартакиаданың ауыспалы кубогы «ПҚОП»  командасынан «ПҚҚР» құрамасына ауысты. Жалпыкомандалық есепте жиналған балл нәтижелері бойынша «ПетроҚазақстан» командасы көш бастады. Ал «ҚазГерМұнай»  мен «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Оверсиз Сервисез инк» командалары бірдей ұпай жинағанымен шағын футболдың қорытындысы ескеріліп, үшінші орынға «ҚазГерМұнай» БК ЖШС командасы тұрақтады, ал «Торғай Петролеум» АҚ құрамасы төртінші орыннан төбе көрсетті, бесінші орын «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» компаниясына бұйырды.
Шара сонында жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 07 қараша 2013 г. 501 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031