ҚАРУ ӨТКІЗСЕҢ – ҚАРЖЫЛЫ БОЛАСЫҢ

ҚАРУ ӨТКІЗСЕҢ – ҚАРЖЫЛЫ БОЛАСЫҢҮстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап, ел тұрғындарынан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу үшін республикалық акция өткізілуде. 
Акция басталғалы бері еліміз бойынша 5314 дана атыс қаруы мен ойық ұңғылы қаруға арналған 205 мың патрон, 23 келі жарылғыш зат тапсырылды. Облысымызда да заңсыз қаруын тапсырып, қаржылы болып жатқан азаматтар бар. Республикалық акцияға үн қосып, қаруын өткізетіндер қатары әлі де көбейе түседі деп ойлаймыз. 
Үйде заңсыз қару сақтау – ең алдымен заңды бұзу, отбасыңыздағы адамдардың өмірін қатерге тігу. Сондықтан да акция аясында заңсыз қару тапсырып, сыйақы алғаныңыз жөн. 
Б.АТЫМТАЕВ, 
Қызылорда қаласы әуежай желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚОҒАМ 09 қараша 2013 г. 402 0