ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ

ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумы аясында Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастығы мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өңіраралық және шекарааралық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ отын-энергетика, ғарыш, атом және ауыл шаруашылығы салаларындағы серіктестік аясын кеңейту перспективалары сөз болды.
Қазақстан Президенті екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын тереңдету үшін шекарааралық және өңіраралық сауданы дамытудың маңыздылығын атап өтті.
– Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу идеясы бұдан 10 жыл бұрын айтылды. Бүгін біз мерейтойлық кездесу өткізіп отырмыз. Осы уақыт ішінде көп жұмыс жасалды және өзара ықпалдастықтың нәтижесі Кеден одағының құрылуына негіз болды. Бүгінде біз интеграцияның сапалы жаңа деңгейіне қадам бастық. Көршілес өңірлер арасында тауар айналымы едәуір артып, өзара тауар айналымы 70 %-ға жуықтады, бірлескен кәсіпорындар құрылуда. Біз Екатеринбургте – Ресей мемлекетінің өнеркәсіп орталығында кездесіп отырмыз. Бұл тығыз байланысымыз бар бізге жақын өңір. Құрылып отырған Еуразиялық экономикалық одақ өңірлер үшін де, біздің жалпы елдеріміз үшін де ынтымақтастыққа бұдан да мол мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде Ресей Президенті Владимир Путин Өңіраралық ынтымақтастық форумының екіжақты серіктестікті дамыту мен нығайтудағы маңыздылығы мен тиімділігін атап өтті.
– Кеден одағы толыққанды жұмыс істей бастаған соң саудаға байланысты көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды. Бұл ретте Қазақстан тарапынан Ресейге тауар ағыны Қазақстанға біздің тасымалымыздан гөрі әлдеқайда жеделірек молаюда. Инвестиция да ұлғаюда: Қазақстанға салған ресейлік инвестиция 2012 жылы миллиард долларға жуықтады, ал қазақстандықтардың Ресейге салған инвестициясы – 1 миллиард 700 миллион доллар болды, – деді Владимир Путин.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 12 қараша 2013 г. 16 222 0