САХНАДА – «АБАЙ» СПЕКТАКЛІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР, РУХАНИЯТ | 16 қараша 2013 ж. - 11:15 | Көрудің саны: 994
САХНАДА – «АБАЙ» СПЕКТАКЛІКеше Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклінің премьерасы болды.
Бұл қойылым ұлы ақын Абай туралы қазақ сахнасында 1940 жылдан бері қойылып келе жатқан үлгіден мүлдем бөлек. Жаңа көріністе заңғар ақынның алпысқа қараған шағында өз ортасынан орнын таппай, ауыр ойды арқалап, іштей егілген кезі суреттеледі. Оның тағдыры тым ауыр жағдайларға толы болды. Оразбай, Тәкежандардың озбырлығы, жолын қуған жастардың талайлы тағдыры, араларына алты айдан салып, балаларының көз жұмуы, ақын жаның тұңғиық қасіретке тартады. Жақсы көретін ұлы Мағауияның қырық күндігін беріп өзі де сол тұңғиықтан шыға алмай бақи фәниге аттанады. Іргелі әулеттің мұңлы тағдыры осылайша өрбиді. 
Қойылымда «Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан жанның» тереңдегі жұмбағы, Абай азабының айтылмай қалған тылсым бейнесі көрсетіледі. Ерсайын Төлеубайдың «Абай» пьесасы бойынша қойылған спектакль өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, тіліміз бен дінімізді берік ұстауға тәрбиелейді.   
Спектакльдің қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темір. Абай рөлін Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты Бақытбек Темірбеков сомдады. 
Қойылымды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев көріп, тамашалады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ҮЗІЛМЕЙДІ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ҮЗІЛМЕЙДІ

Облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Ұлы Отан соғысы...
САХНАДА – «АЙ-ҚАРАГӨЗ»ТРАГЕДИЯСЫ

САХНАДА – «АЙ-ҚАРАГӨЗ»ТРАГЕДИЯСЫ

Аптаның алғашқы күні кешке Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма...
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ұрпақтар сабақтастығы» («Времен связущая нить») қайырымдылық жобасы біздің...
КӨРЕРМЕННІҢ КӨБЕЙГЕНІ – ӨНЕРДІҢ ӨСКЕНІ

КӨРЕРМЕННІҢ КӨБЕЙГЕНІ – ӨНЕРДІҢ ӨСКЕНІ

Таяу күндері, яғни 21-26 қазан аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік...
САРЫАРҚАНЫҢ САЗ САМАЛЫ

САРЫАРҚАНЫҢ САЗ САМАЛЫ

Өткен жексенбінің кешінде Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма...
МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІ, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ

МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІ, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ

Өткен жұма күні облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында осындай...
Пікір: