«ЕРКЕМ-АЙДЫҢ» БОТАҚАНДАРЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР, ҚОҒАМ | 19 қараша 2013 ж. - 10:16 | Көрудің саны: 1025
«ЕРКЕМ-АЙДЫҢ» БОТАҚАНДАРЫҚызылорда қаласындағы «Еркем-Ай» мектепке дейінгі кіші орталық мекемесінде, «Ботақан» ll сәбилер тобында жомарт күзге арналған мерекелік ертеңгілік өтті.
Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі. Айнала сары түске малынып, бояла түседі. Сары алтындай күз айы ерекше берекелі, мерекелі. Әрбір үйдің дастарханы дәмге, еліміздің қоймасы дәнге толтыратын жомарт күзге байланысты «Ботақан» ll сәбилер тобы ата-аналарына өз өнерлерін көрсетті.
Балғындардың тәтті тілінен шыққан әсем әндері мен тақпақтары, бұрала билеген билері ата-аналарды тәнті етті. Тәрбиешілердің Күз ханшайымы бейнесіне еніп бөбектерді еркелетуі, Сайқымазақтың балаша жүгіріп, сәбише секіргеніне балалар мәз болысты. Топ тәрбиешілері Динара Қыстаубаева мен Інжу Тұрмахановаға ата-аналардың ризашылығы шексіз.
Бүлдіршіндер күз мерекесіне ерекше дайындалыпты. Олар түрлі жемістердің кейпіне еніп тақпақтарын жатқа айтты. Тілдері жатық, сөздері анық бөбектер шынымен-ақ тәп-тәтті жемістей боп тұр. Биыл балабақша төрінде бұл мереке алғаш рет тойланды. Келешекте де балалар қуанышы үшін тұрақты түрде өткізіліп тұрмақшы. 
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

БІЛІМ ЖӘНЕ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы тапсырмасындағы білім мен ғылымды дамыту және ақпараттық саланы жандандыру...
ЖАҢА БАЛАБАҚША – ЖАРҚЫН ИГІЛІК

ЖАҢА БАЛАБАҚША – ЖАРҚЫН ИГІЛІК

Бейсенбіде Қызылорда қаласында 320 орындық «Шұғыла 2» балабақшасы ашылды. Салтанатты...
ТОҚШЫЛЫҚ ТОЙЫ

ТОҚШЫЛЫҚ ТОЙЫ

Берекелі де мерекелі алтын күз келіп, Сыр аймағы молшылықтың торқалы тойына кенелуде....
МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙТОЙЫ

МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙТОЙЫ

Жұмада Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «ҚазГерМұнай» БК»...
«ТІЛ АРУЫ» – СЫР АРУЫ

«ТІЛ АРУЫ» – СЫР АРУЫ

Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткен «Тіл аруы – 2013»...
БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАҚЫТЫ – «АЛТЫН ҰЯ»

БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАҚЫТЫ – «АЛТЫН ҰЯ»

Бала – ұрпақ жалғасы, ел болашағы. Сондықтан оларға дұрыс тәрбие беру, олардың...
Пікір: