ӘДІЛСОТ – ХАЛЫҚ ҚЫЗМЕТШІСІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ | 21 ноябрь 2013 ж. - 10:05 | Көрудің саны: 535
ӘДІЛСОТ – ХАЛЫҚ ҚЫЗМЕТШІСІКеше Астанада Қазақстан Судьялар одағының VІ съезі болып өтті. Съезде сөз сөйлеген ҚР Президенті Н.Назарбаев Халықтың қалың жігіне әділсот төрелігінің қолжетімділігін қамту маңызды деп мәлімдеді.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы соттық дау-дамайлардың толыққандылығын қамтамасыз етудің тетігі ретінде сот үдерістерінің электрондық тіркелімін жаппай енгізудің қажеттігін атап өтті. «Бірінші инстанциядағы барлық соттарды бейнеконференция жүйелерімен қамтамасыз ету қажет. Бұл сот төрелігін қашықтық режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Соттарға шағымданған тұлғаларға өздерінің құқын қорғауда аумақтық және ұйымдастырушылық кәсіпорындар кедергі болмауы керек. Тараптардың таңдауына балама мүмкіндіктерді кеңейткен де маңызды. Сотқа берілетін шағымға қатысты кез келген формальды талаптарды жою керек», – деді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, бұндай мәселе әсіресе халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарауда маңызды. «Соттар заңдағы олқылықты пайдаланып, қандай да бір болмашыны сылтау етіп өтініштерді қабылдаудан бас тартуға құқылы емес. Судья – бұл барлық мемлекеттік қызметкер секілді ең алдымен халыққа қызмет етеді. Олардың тікелей міндеті азаматтардың құқы мен міндетін қорғау жолында барлығын қамтамасыз ету», – деді Мемлекет басшысы.
 Сонымен бірге Азаматтық іс жүргізу кодексін жаңғырту маңызды екендігіне тоқталған Елбасы: «Үкіметке Жоғарғы сотпен бірлесіп, жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын әзірлеуге кірісуді тапсырамын. Азаматтық істі қарау тәртібі процесс тараптары үшін ыңғайлы, жедел, заманауи технологиялары қолдануға әрі кеңінен пайдалануға бағдарланған болуы тиіс», – деді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сот шешімдерін қайта қарауды талап ететін жайттарға заңнамалық негізделген шектеу әдістемесін әзірлеп, енгізу қажеттігіне тоқталды.
«Барлық судьялар жаңа заңнама талаптарымен жұмыс істеуге дайын болуы тиіс. Істі жедел, заңды, әділ қарауды қамтамасыз ету керек. Бұл үшін судьялармен қатар соттардың төрағалары да жеке жауапкершілікке ие болуы қажет», – деді Н.Назарбаев.
Сот билігі тармағының беделін көтеру мен тәуелсіздігін арттыруға байланысты басым бағыттарды айқындау маңызды. Судьялардың VІ съезі отырысының басты міндеті осы.
«Бүгінгі Қазақстан кәсіби судьялық корпусы бар заманауи әділсот жүйесіне ие. Елімізде жалпы әкімшілік, экономикалық, қылмыстық, ювеналды және қаржылық юридикциядағы 378 сот бар. Онда 2 мың 214 судья қызмет етеді. Бұлардың бәрі қатаң біліктілік талаптарынан өтті. Аса ауыр қылмыстық істер алқа билердің қатысуымен қаралады. Азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау мақсатында соттардың бұлтартпау санкциясы қызмет етеді. Жалпы алғанда Қазақстандағы сот реформасы біздің әділсотымызды азаматтардың мүддесіне барынша жақындатып келе жатқанын көрсетіп, сот дау-дамайларының сапасы артқаны байқалады», – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы қазақстандық сот билігіне сенімділік деңгейін арттыру мәселесіне тоқтала келе, «бұған сот тәртібімен қаралатын істердің өсу көрсеткіші» дәлел бола алатынын атап өтті. «Бұл көрсеткіш 2000 жылдан бері жыл сайын миллион істен асып түсті. Екіншіден, сот жүйесіндегі сапалы өзгерістерді БҰҰ институттары жүзеге асырып жатқан әлеуметтік зерттеулер де айқындайды. Судьялардың тәуелсіздігін арттыру үшін олардың тәртіптік жауапкершілігі тікелей сот қазыларына берілген. Бұл судьяларға болуы ықтимал кез келген қысымды азайтып, сот тәуелсіздігін нығайтты. Соңғы 4 жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылған судьялар мен теріс әрекеттері үшін қызметтен босатылғандар саны 4 есеге төмендеді. Алайда, мұндай судьялар кейбірде облыстық сот қазыларымен қорғалып та жататын жағдай кездеседі. Әрине, мен судьялар секілді кез келген азаматтың әділетсіздіктен, жала жабудан қорғалуын жақтаймын. Алайда, біз өзімізге өзіміз қатаң сын көзбен қарауымыз керек», – деді Н.Назарбаев.
Сонымен қоса, Елбасы 2009 жылдан бері жыл сайын жойылған сот шешімдері орташа алғанда 0,5-0,9 пайызға тұрақталғанын, мұның да әділсот билігінің деңгейі артып келе жатқанына дәлел екенін алға тартты.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ТОЛҚЫНЫН КҮТЕМІЗ

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ТОЛҚЫНЫН КҮТЕМІЗ

Тәуелсіз мемлекеттің көрінісі азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының заңмен...
СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРАДЫ

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРАДЫ

Ата Заңымызда әркім өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің қызметін жетілдіру...
ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕС

ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕС

МИНСК. 25 қазан. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары...
ШЫҰ: ӘР САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСЕДІ

ШЫҰ: ӘР САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСЕДІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше...
Пікір: