ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ МОЛ

ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ МОЛЖалағаш ауданындағы Мөрәлі Шәменов ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысты.
Дәрігерлік амбулаторияның құрылысы үстіміздегі жылы «350 денсаулық сақтау нысанын салу» бағдарламасы бойынша 80 млн. теңге қаржыға салынып отыр. Бұған дейін 1957 жылы іргесі қаланған ескі ғимаратта медициналық көмек алып келген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. 
Жаңа ғимарат кең әрі жарық, қазіргі заманға лайықталып салынған. Сонымен бірге дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық құралдармен қамтамасыз етілген. Мәселен, жүрек қан тамырлары ауруларын дер кезінде анықтау және оларға көмек көрсету мақсатында арнайы жабдықталған бөлме, балалар бөлмесі, жаңадан бес төсектік күндізгі стационар, физкабинеттер, арнайы зертхана тұрғындар саулығын сақтауда қызмет етпек. 
Бүгінгі таңда жалпы облыс бюджетінің 17 пайызы денсаулық сақтау саласына жұмсалуда. Айта кетейік, аймақта 2009 жылдан бері 61 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне берілген. Үстіміздегі жылдың өзінде 23 нысанды қолданысқа беру көзделсе, алдағы бес жылда олардың санын 85-ке жеткізу қарастырылуда. 
Айнұр БАТТАЛОВА.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 699 0