ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ – ҚАЗБА БАЙЛЫҚТЫҢ КӨЗІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДӘУЛЕТ | 21 сентябрь 2013 ж. - 09:54 | Көрудің саны: 1 407
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ  БАРЛАУ – ҚАЗБА  БАЙЛЫҚТЫҢ  КӨЗІКен өндіру саласында барлау-геологиялық жұмыстардың сапалы атқарылуының маңызы аса жоғары. Бұл орайда Қазақстан мемлекеті үлкен жетістіктерімен мақтана алады. Сирек кездесетін тау-кен және түрлі металлургиялық өнеркәсіптің әлемдік деңгейде қарыштап дамуына жерасты барлау жұмыстарының жан-жақты зерттелуі және кен байлықтарының мөлшері мен құрамының тап баса анықталуының орны ерекше. Кен өнімдерін өндіруде еліміздің әлемде алдыңғы қатарда болуы, әрине, жоғарыда тілге тиек еткен барлау-геологиялық жұмыстарының дәлдігі мен сапалылығы айрықша әсер етері сөзсіз.  
Кешегі қоғамдық өзгерістер кезінде геологиялық ғылымның да басқа салалар секілді дағдарысқа түсуі орын алғанымен, еліміздің бұл бағыты тоқыраудан тез есін жиды. Жұмыссыздықтан өзге салаларға қызмет ауыстырған ғалымдар, талантты ізденушілер қайта өздерінің сүйікті мамандықтарына оралып, ел байлығының қарқынды дамуына өз үлестерін қоса бастағандығы қуантады. Осы алдыңғы шепте «Волковгеология» Акционерлік қоғамының болуы шын мәніндегі ірі жетістіктердің бірі. Аталмыш кәсіпорын одақ кезінде Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 
Аталмыш құрылым 2003 жылдан бастап, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы құрамына еніп, ел байлығын молайтуға қызмет атқарып келеді. «Волковгеология» акционерлік қоғамы құрамында 5 филиал бар болатын болса, соның бірі – Қызылорда облысында орналасқан ГБЭ-23 кәсіпорны. Ол еліміздің барлық өңіріндегі кен-барлау жұмысына қатыса алуымен ауқымды. Және де осы міндеттерді абыроймен атқаруына байланысты үлкен құрмет пен сенімге ие екендігін айту керек. 
Сыр бойы өнеркәсібінің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып келе жатқан 23-і геологиялық-барлау экспедициясы өзге әріптес мекемелері секілді технологиялық және барлау ұңғымаларын бұрғылау мен кен нысандарын іздеу жұмыстарымен шұғылданады. Осы жұмыстар арқылы кен құрамын анықтау мен бағалау жолға қойылса, онан әрі қарайғы тиянақты барлау жұмыстары бірнеше сатыда жалғастырылады. Осы атқарылған ізденістер нәтижесінде кеннің технологиялық құрамы зерделеніп, уран қоры мен өзге де табылған пайдалы компоненттері есептелінеді. Осы шаруалардың нәтижелігі мен рентабельділігін арнайы Мемлекеттік комиссиясында қорғау қажет. Оның қорытындысы арқылы өнеркәсіпке тиесілі қаржы бөлініп, жүйелі жұмыс жалғасын тауып жатады. Яғни, кен-барлау жұмыстарының тиянақтылығы – мол байлық пен пайданың көзі, ел өнеркәсібінің өркендеуінің кілті деген сөз. 
Жоғарыда айтылғандар басты атқарылар шараның соқпағы болса, өзіміз әңгіме етіп отырған «Волковгеология» АҚ құрамындағы ГБЭ-23 мекемесі туралы тарата айту жөн секілді. 1993-жылы құрылған геологиялық-барлау экспедициясының негізгі мақсаты – уран кен орындарын іздеу мен барлау екендігі болса да түсінікті. Сол сияқты аталмыш мекеме өнім өндіруші серіктес кәсіпорындарына уранды жерасты шаймалау әдісімен өндіруіне, яғни жерасты байлығын залалсыз технологиямен игеруіне дайындайды, яғни, өнім өндіруге тура жол ашады. Экспедицияның табанды да тыңғылықты жұмысының нәтижесі жоғары орындар арқылы оң бағалауға ие. Мекеменің қатысуымен осы уақыт аралығында жалпы қоры 200-250 мың тонна болатын көптеген кен орындары барланды, кейіннен толық құрамында жұмыс атқаратын кен орындары ашылды да. Олардың қатарында, нақты кезеңде алдыңғы шептегі өнім өндіруші кәсіпорындар – Заречная, Иіркөл, «Хорасан-1», «Хорасан-2» және Оңтүстік Қарамұрын, Солтүстік Қарамұрын кен орындары аталады. Сондай-ақ, қазіргі кезде де пәрменді жұмыс қуаттылығын көрсетіп отырған Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм және Семізбай кен орындары Қазақстанның уран өндірісінде айтарлықтай үлес қосып келе жатқандығын көтеріңкі көңілмен айта алады. Бұлар уран өндірудегі әлемдегі көшбасшылыққа қол жеткізген Қазақстан мемлекетінің қуатты өндіріс орындарына айналып үлгергендер сапында екендігі ақиқат. 
Геологиялық барлау жұмыстарының сапалы да тиянақты атқарылуы үшін бұрынғы мол тәжірибеге жылма-жыл жаңа технологиялардың игеріліп, ондағы мамандарының біліктілігі арттырылып отыруы үлкен жетістіктерге жетелейді. Бұл тұрғыда геологиялық барлау экспедициясында озық технологияның, жаңа инженерлік ізденістердің жолға қойылғандығын сүйсініспен айтуға айтуға болады. Мәселен, кәсіпорын иелігіндегі 51 бұрғылау ұңғымалары мерзімді уақыттарында жаңартылып, жаңа технологиялармен жұмыс істеуі назардан тыс қалған емес. Сонымен қатар бұрғылаушы мамандар да арнайы курстардан өткізіліп, кәсіби деңгейде жоғары жұмыс жасау қабілетіне ие. Олардың жұмыс өнімділігін жоғарылатуымен білікті мамандар жеткілікті шұғылданады. Геологиялық барлау экспедициясының тәжірибелі мамандары, бұл күндері ардагер атанған – Владимир Пантелеев, Светлана Пантелеева және Виктор Катеев пен Юрий Конобейцевтердің іс-тәжірибелерінің үнемі насихатталып, жастарға үлгі ретінде көрсетілуінің пайдасы ұшан-теңіз. 
Осындай кәсіби қамқорлық нәтижесінде өнім өнімділігі мен кәсіпорынның қуаттылығы артып келеді. Мысалы, былтырдың өзінде мекеме 2150 геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылап орнатса, олар нақты кезеңде уран өндіруге тікелей қатысу үстінде. Ізденіс нәтижесі оң үлгерімге, өз кезегінде қаржылық түсімді молайтатыны белгілі. Осындай жүйелі жұмыс арқасында кәсіпорынның жалпы қаржылық түсімі жыл ішінде 7 млрд. теңгеге жуықтады. Және де мемлекет бюджетіне 400 млн. теңге аударылды. Жылма-жылғы ізденістер, тиянақты басшылық нәтижесінде соңғы екі жылда жаңадан қосымша 160 жұмыс орны ашылса, жұмысшы-қызметкерлердің орташа жалақысы 170 мың теңгеге жеткізілді. Бұл, әрине, үлкен жалақылы жұмыс орындарына жатады деген сөз. Еліміздің уран өндіретін аймақтарында геологиялық барлау жұмыстарымен шұғылданатын осы салада еңбек ететін 1200 кәсіби мамандар осы шаруа арқылы нәсіптерін ажыратып отыр. Олардың арасында мемлекеттік марапаттарға ие болған азаматтар қатары жетерлік. 
2008 жылдан бері «Волковгеология» АҚ филиалының ГБЭ-23 мекемесіне Қадырқұл Қойгелдиев басшылық жасап келеді. Тәжірибесі мен ұйымдастыру қабілеті зор басшының табанды талабы мен темірдей тәртіпке сүйенген жүйелі басшылығы нәтижесінде мекеме жоғарыда аталған жетістіктерге қол жеткізіп, өз саласындағы озаттар қатарының алдыңғы сапында тұр. Ісі үстемнің өзі де сыйлы болмақ, Қадырқұл Қасенұлының өзі де зор бедел мен абыройға ие. Жоғары орындар арқылы көптеген салалық марапаттар мен алғыстар алып үлгерді. Іс-тәжірибесінің молдығымен қатар әрдайым қызметтестерінің жақсы жұмыстарын әділ бағалап, лайықты көтермелеп отыратындығы еңбек өнімділігін арттырып келе жатқан негізгі факторлардың бірі десек, артық емес. Онымен бірлесе қызмет жасап келе жатқан азаматтар – директордың орынбасары Василий Сковернюк, Заречная бұрғылау партиясының бастығы Берден Смағұлов, бұрғылау шебері Қалыбек Рүстем, бұрғылау қондырғысының машинисі Мархаббат Абызбаев, газэлектр дәнекерлеушісі Смайл Тұңғыш, инженер-биолог Лариса Ефимова және басқалар кәсіпорынның қарыштап дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан танымал майталмандар. Істерінің берекесін берсін!
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы. 



Сондай-ақ... оқыңыз:

ЕСКІ ШЕЖІРЕ ЗЕРТТЕЛІП, ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

ЕСКІ ШЕЖІРЕ ЗЕРТТЕЛІП, ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Аптаның жексенбісі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев іссапармен Жаңақорған ауданын...
ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖОҒАРЫ ӨНІМ НЕГІЗІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖОҒАРЫ ӨНІМ НЕГІЗІ

"Ізденген жетер мұратқа” деген даналықты республика жұртшылығына есімдері танымал...
ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБА

Қазір Қазақстан жаһандық сауда-экономикалық кеңістіктегі өркениетті елдер санасатын...
КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа...
ЕМХАНАНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

ЕМХАНАНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Ресей-Қазақстан-Украина-Беларусь мемлекеттері мамандары тарапынан жүргізілген...
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНАНЫҢ» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНАНЫҢ» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

Қазіргі заман талабына сай инфрақұрылым болмаса, экономиканы жаңғырту мүмкін емес....
Пікір: