ЖАҢА ҮЙДЕГІ ҚОНЫС ТОЙЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ | 04 декабрь 2013 ж. - 08:41 | Көрудің саны: 584
ЖАҢА ҮЙДЕГІ ҚОНЫС ТОЙЫТұңғыш  Президент күні Тасбөгет кентінде үш қабатты 24 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған негізінен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ардақты аналар,   жетім балалар мен асыраушысынан айырылған отбасы мүшелері қоныстанды. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандарды мемлекеттік мерекемен және қоныс тойымен шын жүректен құттықтады.
– Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан басталған мемлекеттің өркендеуі жолындағы игі істер  елдің Тұңғыш Президентінің есімімен тікелей байланысты, – деді аймақ басшысы. – Бүгінде еліміз Елбасының  салиқалы саясаты арқасында экономикасы мен қорғаныс қабілеті  кемелденген, дамудың даңғыл жолын ұстанған қуатты мемлекетке айналды. 
ЖАҢА ҮЙДЕГІ ҚОНЫС ТОЙЫОдан әрі қарай өңір басшысы облыс орталығында салынып жатқан, ел игілігіне берілген әлеуметтік, мәдени ошақтардың   бірқатарына тоқтала кетті. Мәселен, облыс орталығында ғана құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 111 пайызға артқан. Жыл басынан бері 92,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде халықтың өз қаражаты есебінен іске қосылған тұрғын үй көлемі 18,6 пайызға өскен. Бұл аймақ халқының тұрмысы түзеліп, әл-ауқаты артқанын көрсеткенімен, мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйге сұраныс білдіруші тұрғындар саны жыл сайын еселеп өсуде. Қазірдің өзінде қала бойынша 12547 отбасы тұрғын үй кезегін күтуде.
Қала жұртшылығының тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қомақты қаржыға  барлығы 63,3 мың шаршы  метрді құрайтын 25 тұрғын үйдің құрылысы  жүргізілуде. Жыл соңына дейін 14 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 466 отбасы  жаңа пәтерге ие болады. 
Бүгінгі берілген 24 пәтерлік тұрғын үй құрылысын Расул Ысқақов жетекшілік ететін  «Авангард» ЖШС жүргізген. Олар үй құрылысын жыл көлемінде бітіргендерін, мұнда тұрғындарға барлық жағдай жасалғанын және  мүгедек жандардың арбамен көтерілуге мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. 
Аймақ басшысы қолынан пәтер кілтін алған жаңа қоныс иелері атынан ҰОС ардагерлері Бұғыбай Нәрікбаев, Ибрагим Өмірзақов, Жұбатхан Жанұзақов жүрекжарды алғыстарын жеткізіп, өздеріне қамқорлық жасаған жандарға, пәтер иелеріне ақ баталарын берді. 
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жексенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласында құрылысы салынып...
Жас отбасылар баспанамен қамтылады

Жас отбасылар баспанамен қамтылады

Қызылорда. Үстіміздегі жылдың жыл соңына дейін Қызылорда қаласында 130 жас отбасы...
Қала әкімі жылу жүйесінің жұмысымен танысты

Қала әкімі жылу жүйесінің жұмысымен танысты

Қызылорда. Облыс орталығында жылу беру мекемелері барлық нысандарын жылумен толықтай...
БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық Үкімет отырысында...
ҚАЛА НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

ҚАЛА НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

16 қыркүйек күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласы аумағындағы...
ЖАСӨСПІРІМДЕР  БАСПАНАЛЫ  БОЛУҒА  ҚҰҚЫЛЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Аптаның бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарованың жетекшілік...
Пікір: