ПРЕЗИДЕНТ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / БИЛІК | 07 декабрь 2013 ж. - 10:01 | Көрудің саны: 654
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақстандық және шетелдік саяси және іскерлік топтардан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, кәсіпорындардың ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардан, жекелеген азаматтардан көптеген құттықтаулар келіп түсті.
Құттықтауларда республикамыздың  өз әлеуетін жүзеге асырып, өркендеуші елге айналуына себепкер болған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  халықаралық саясаттағы және біздің мемлекетіміздің қарқынды дамуындағы баға жетпес рөлі атап  көрсетілген. 
***
Бейсенбі күні Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы В.Школьникті қабылдады. 
Мемлекет басшысы ұлттық компанияның бірқатар бағыттар бойынша, атап айтқанда, атом стансалары үшін құрастыру өндірісімен,  баламалы энергетика және сирек кездесетін кен өнімдерімен байланысты қызметін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жетекшісі Мемлекет басшысын Қазақстанның әлемдік өндірудің 37 %-ын қамтамасыз ете отырып, әлемдегі уран өндіру саласында көшбасшылық позициясын  ұстап келе жатқаны жайында хабардар етті. Бұл ретте компания қаржылық орнықтылығы мен даму қарқынын сақтап, инвестициялық бағдарламасы мен әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындап келеді. 2010 жылдан бері әлеуметтік саланың дамуына 37 млрд.-тан астам теңге бөлінген.
Кездесу қорытындысында Қазақстан Президенті жаңартылатын энергетика және сирек кездесетін кен өнімдерін өңдеу саласындағы компанияның қызметінде жаңа инновациялық технологияны қолдану жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Барша қазақ жұрты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін атап...
ЕЛ МЕРЕЙі ТАСЫҒАН КҮН

ЕЛ МЕРЕЙі ТАСЫҒАН КҮН

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай  Қармақшы...
ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ ӨЛШЕУСІЗ ЕҢБЕК

ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ ӨЛШЕУСІЗ ЕҢБЕК

Бейсенбі күні облыс бойынша монополияға қарсы инспекция мемлекеттік мекемесінде...
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН КӨШБАСШЫ

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН КӨШБАСШЫ

Облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы...
ДАРА ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН ДӘРІС

ДАРА ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН ДӘРІС

Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің қызметін жетілдіру...
Пікір: