АРҚА МЕН СЫРДЫ ЖАЛҒАҒАН

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР | 17 наурыз 2016 ж. - 16:41 | Көрудің саны: 238

АРҚА МЕН СЫРДЫ ЖАЛҒАҒАНСыр елі мен Сарыарқа төсін жалғайтын алғашқы жолаушылар пойызы сейсенбі күні жолға шықты. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Қызылорда – Жезқазған» пойызы былтыр ғана қолданысқа берілген «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» жаңа теміржолы бойымен жүреді.

 

Жаңа бағыт Жезқазғанға дейін, аймақтың солтүстігінде орналасқан аялдамалармен қоса 65 станцияны басып өтеді. Енді қызылордалық жолаушылар Сарыарқа өңіріне тәулік ішінде жетеді.

Жаңа бағыт бойынша жолаушыларды алғашқы сапарға шығарып салуға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен "Жолаушылар тасымалы” АҚ "Батыс” аймақтық филиалының директоры Мұрат Қаналин теміржол перронына арнайы келді.

– Елбасы бастамасымен теміржол, көлік жолдары құрылыстарының жүргізілуі мемлекетіміздің, қала берді облыстардың бірі-бірімен сауда-саттығын, барыс-келісін, алыс-берісін, экономикалық байланыстарын нығайтып, халықтың тұрмысын түзейтін болады. «Қызылорда – Жезқазған» пойызының қатынауы Наурыз қарсаңында Сыр жұртшылығы ғана емес екі арадағы қаншама халық үшін шын мәнінде үлкен сый болды, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысынан соң «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалының директоры Мұрат Қаналин, теміржол саласының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішев сөз сөйлеп, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады, жаңа бағытқа бет алған пойыз сапарына сәттілік тіледі.

Жаңа жолаушылар пойызы 5 вагоннан тұрады. Оның бірі купе болса қалғандары плацкарт вагондар. Билеттердің де бағасы қолжетімді, 1765 пен 4403 теңге аралығында. Алғашқы жолаушылардың бірі Баян Әлімова бұрын Жезқазғанға автобус арқылы қатынаған екен. Енді ол шаршап-шалдықпай, діттеген жеріне жайлы купемен жететініне қуанышты.

– Әсіресе, қысты күндері қиналатынбыз. Жезқазғанның жолы қауіптірек. Әрі жол бойында ұялы байланыстың жоқтығынан көмек ала алмай қиналған кездер естен кетпейді. Енді бұл артта қалды, – дейді жолаушы.

Қызылордадан күнара, яғни аптаның тақ күндері шығатын пойыз Арал- Сексеуіл-Қарашеген-Қоскөл-Қарсақбай-Жезқазған сынды станциялар мен разъездер арқылы жүріп, жол айырмасын 817 шақырымға қысқартады. Жол бойында көптеген инфрақұрылымдар салынып, бизнес өркендейтін болады.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

«Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жолға шықты

«Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жолға шықты

Бүгін Сыр елінен «Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын алғашқы жолаушылар...
Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған бағытында жаңа пойыз қозғалысы іске қосылады

Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған бағытында жаңа пойыз қозғалысы іске қосылады

Наурыздың 15-інен бастап Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған бағытында жаңа пойыз...
Тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытынд ...

Тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытынд ...

15 наурыздан бастап көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру және жолаушыларға сапалы...
«Сырдария» жүрдек пойызы Астанадан Қызылордаға күнара қатынайтын болады

«Сырдария» жүрдек пойызы Астанадан Қызылордаға күнара қатынайтын болады

Көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2015 жылдың 25 сә...
«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Астана-Қызылорда» ...
ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Сәрсенбіде облыс орталығынан «Қызылорда-Семей» және кері бағытқа қатынайтын қосымша...
Пікір: