ҚЫЗЫЛОРДА ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ | 10 декабрь 2013 ж. - 10:35 | Көрудің саны: 713
Өткен сенбіде ҚР Мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірімізге іссапармен келді. Сапар барысында «Кристалл-Менеджмент» ЖШС-да, «Арысқұм» кенішінде болған вице-министр Досан ауылында орналасқан АГРС-2 құрылысымен де танысты.
Жуырда пайдалануға берілетін екінші автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның қолдауымен салынып жатқан болатын. Естеріңізде болса, Елбасының 2008 жылғы Жолдауын жүзеге асыру негізінде республиканың оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының І кезеңі аяқталып, іске қосылған. Бүгінде 1475 шақырымды құрайтын газ құбырының 846 шақырымының біздің өңірімізден өтуі облыстың барлық елді мекендерін газбен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Осы уақытқа дейін «Ақшабұлақ-Қызылорда» магистральды газ құбыры арқылы газбен қамтылып келген Қызылорда қаласында газдың жетіспеуі секілді қиындықтар ендігі жерде орын алмайтын болады.
– Бүгін сапар барысында бірқатар нысандарда болдым. Өздеріңіз көріп отырғандай, екінші автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылса, қыс айларында газ қысымының  төмендеуі, шалғай аудандарға жетіспеуі секілді мәселелер шешімін табатын болады. Нысанның құрылысы 4,3 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы қаланың газ желілеріндегі газ қысымын бірқалыпты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік болады, – деді М.Мырзағалиев. 
Айта кету керек, аймақтың газбен қамтылуы кезең-кезеңімен жүзеге асырылса, 2014-2015 жылдары аймағымыз толығымен газбен қамтылады.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ҚЫС ТАЛАБЫ ҚАТАЛ

ҚЫС ТАЛАБЫ ҚАТАЛ

Кеше «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесінің мәжіліс залында жылу маусымының өту...
ҚАЛАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҚАНДАЙ?

ҚАЛАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҚАНДАЙ?

Жуырда облыстық ауылшаруашылық басқармасы БАҚ өкілдеріне ауыл шаруашылығы саласы...
Жас отбасылар баспанамен қамтылады

Жас отбасылар баспанамен қамтылады

Қызылорда. Үстіміздегі жылдың жыл соңына дейін Қызылорда қаласында 130 жас отбасы...
ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БАС ЖОСПАРҒА САЙ БЕРІЛУІ ТИІС

ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БАС ЖОСПАРҒА САЙ БЕРІЛУІ ТИІС

Дүйсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен тұрақты кеңес болып өтті....
ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫ БЕРІЛУІ ТИІС

Санаулы күндерден кейін жылу беру маусымы да басталады. Оған біздің әзірлігіміз...
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНАНЫҢ» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНАНЫҢ» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

Қазіргі заман талабына сай инфрақұрылым болмаса, экономиканы жаңғырту мүмкін емес....
Пікір: