«ЖИРЕН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСТАРЫ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДӘУЛЕТ | 26 декабрь 2013 ж. - 09:06 | Көрудің саны: 1 091
«ЖИРЕН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСТАРЫЕліміз тәуелсіздігін алып, еңсесін тіктеп, ата кәсібіміздің тамырына қайта қан жүгіртті. Әсіресе, соңғы жылдары Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен мал басын көбейтуге, одан алынатын өнімдерді мейлінше молайтуға, экспортқа шығаруға бетбұрыс жасалуда. Сыр елінде де «Сыбаға» бағдарламасы негізінде осы салада оң істер жүзеге асырылуда. Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласы іргесіне қоныс тепкен «Жирен» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңында болып, жұмысымен танысты.
Төрт түлік мал бағып, баптайтын «Жирен» шаруа қожалығында 150 бас мүйізді ірі қара, 100 жылқы, 300 қой бар екен. Бүгінде мал бордақылау алаңында 80 ақ бас мүйізді ірі қара, 40 мұғаджар жылқысы, 70  қой бордақыға алынған. Алаңда мал күтіміне барлық жағдай жасалған. Қыс мезгіліне қажетті жемшөп жеткілікті. Бір құптарлығы, осыншама малды шаруа қожалығының иесі Әділжан Ізтілеуов өз қаржысы есебінен алып, 500 бастық бордақылау алаңын да салдырған. Шаруа қожалығының бүгінгі жай-күйіне тәнті болған біз оны әңгімеге тартқан едік.
– Мен, – дейді ол, – ата кәсібімізбен 15 жыл бойы айналысып келемін. Ашығын айтсам, кезінде менде бірнеше жүздеген мүйізді ірі қара, жылқы, қой мен ешкі, түйе малы болған. Бертін келе азайтып алғаным бар. Содан 2011 жылы «Жирен» шаруа қожалығының шаңырағын көтеріп, осы саламен айналысуға бетбұрыс жасадым. Өз қаржымның есебінен Батыс Қазақстан облысынан мұғаджар жылқы тұқымын, ал Оралдан ақ бас бұқа әкеліп, будандастыруды бастадық. Шүкір, бүгінде жоғарыда айтқандай, төрт түлік бағып, күтімге алудамыз. Қожалықтың 1000 гектар жайылымдық, 160 гектар шабындық жері бар. Мүйізді ірі қара, яғни өгіздер таза 400 келіге дейін ет берсе, жылқы еті 250-300 келіге дейін барады. Бұқалардың салмағы бір тонна тартады. Жылына 100 тоннаға жуық ет өнімдерін өндіру болжамы бар, әзірге жылына 30 тонна ет өнімдерін өндіруге қол жеткізіп отырмыз.
«Жирен» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңы жанынан мал сою пунктінің де іргетасын қалап, қабырғаларын көтеріп қойыпты. Шетелдік мал сою құралдарын орналастырған соң барып шатыры көтерілмек екен.
«ЖИРЕН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСТАРЫ– Мал сою пунктін салуға, – дейді әңгіме үстінде Ә.Ізтілеуов, – 32 млн. теңге қаржыны өз есебімнен жұмсадым. «ҚазАгроқаржыдан» 49 млн. қаржы алуға құжаттарын даярлап, қолдау алып отырмын. Алдағы жылы бүгінгі күн талаптарына сай мал сою пункті іске қосылмақ.
Шаруа қожалығының тірлік-тынысымен етене танысқан облыс әкімі Қ.Көшербаев мал шаруашылығы мамандарына өз ризашылығын білдіріп, оң баға берді. Үкімет тарапынан ешқандай да көмек алмай, өз қаржысы есебінен салаға батыл бетбұрыс жасап жүрген фермер Әділжан Ізтілеуовке алдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы негізінде Үкімет тарапынан қолдау болатындығын, яғни, мал шаруашылығы саласына да субсидия берілетіндігін баса айтты. Сондай-ақ, орынбасарлары мен  басқарма басшыларына аталған «Жирен» шаруа қожалығының жұмысымен аудан әкімдері мен мал шаруашылығы мамандары, кәсіпкерлер өз көздерімен көріп, танысуларын тапсырды.
«Мал баптағанға бітеді» деген қағиданы ұстанған Әділжан Ізтілеуовтің иелігіндегі «Жирен» шаруа қожалығында шынында да үйренетін үлгілер көп екен. 
Еркін ӘБІЛ.


Сондай-ақ... оқыңыз:

БАРЛЫҚ АУЫЛ БАҒДАРЛАМАМЕН ҚАМТЫЛУЫ ТИІС

БАРЛЫҚ АУЫЛ БАҒДАРЛАМАМЕН ҚАМТЫЛУЫ ТИІС

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыстың мал шаруашылығын...
ТYЛІК КYТІМІ ТYЛЕТУДІҢ ЖОЛЫ

ТYЛІК КYТІМІ ТYЛЕТУДІҢ ЖОЛЫ

Қазағымның ата кәсібі мал шаруашылығы болатын. Yйір-үйір жылқы, қора-қора қой мен...
40  ФЕРМЕР ҚАТАРҒА ҚОСЫЛДЫ

40 ФЕРМЕР ҚАТАРҒА ҚОСЫЛДЫ

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға, соның ішінде мал басын...
«Сыбағаның» сыбағасы мол болып тұр

«Сыбағаның» сыбағасы мол болып тұр

Қызылорда. Облыс орталығында «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асыруға мән беріліп отыр....
«СЫБАҒАНЫҢ» СЫБАҒАСЫ МОЛ

«СЫБАҒАНЫҢ» СЫБАҒАСЫ МОЛ

Заманында қазағымның малсыз күні болмаған. Жаз жайлауда, қыс қыстауда төрт түлігін...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БЕТБҰРЫС БАР

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БЕТБҰРЫС БАР

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы» атты Жолдауында...
Пікір: