ЭКОНОМИКА: 2013 ЖЫЛ БЕЛЕСТЕРІ

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДӘУЛЕТ | 28 декабрь 2013 ж. - 17:53 | Көрудің саны: 726
ӨНЕРКӘСІП
ЭКОНОМИКА: 2013 ЖЫЛ БЕЛЕСТЕРІ2013 жылдың 11 айында облыста өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,2 трлн. теңгені құрады.  Өңдеу өнеркәсібінің көлемі аталған кезеңде 58,1 млрд. теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,9 пайызды құрады. Yстіміздегі жылдың 9 айында бір адамға шаққанда  өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 9,5 АҚШ долларын құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда оның өсу қарқыны 180,5 пайыз болды.
ИНВЕСТИЦИЯ
2013 жылдың 11 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 298 млрд. теңгені құрады. Бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе жоғары. Өңдеу өнеркәсібіне аталған кезеңде 3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның салыстырмалы кезеңдегі көлемі 114,6 пайыз.
Аймақтың инвестициялық және инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы министрліктерінің, ведомстволарының, даму институттарының, Қазақстан Республикасындағы елшіліктердің өкілдері және шет елдік кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатысуымен 2013 жылдың наурыз айында І инвестициялық «Байқоңыр» форумы өткізілді.
Форум барысында өзара ынтымақтастық және іс-қимыл жүргізу, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру, облыс экономикасына инвестиция тартуға бағытталған 5 меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, өзара ынтымақтастық және іс-қимыл жүргізу, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру, облыс экономикасына инвестиция тартуға бағытталған 23 меморандумдарға қол қойылды.
2013 жылы Астана қаласында өткізілген экономикалық форум аясында Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен жобалары оған қатысушыларға таныстырылды. 2013 жылдың қыркүйек айында Монако корольдігінде өткізілген бизнес-форумда жаңартылмалы электр көздері саласындағы жобаларға инвестиция тарту және оларды бірлесіп жүзеге асыру туралы облыс әкімдігі мен «Hydroconcert-Solar» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. 
ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
2013 жылдың екінші жартыжылдығында Өңірлік картаға енгізу үшін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жалпы құны 20,8 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жолданды. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізілетін өзектендіруге ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жалпы құны 16 млрд. теңгені құрайтын бір жоба жолданды. 
Алдағы жылдары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасайтын шыны зауытының құрылысы, Шалқия кен орны, кремний шығару, газ-турбиналық станса және басқа да индустриялық-инновациялық бағыттағы өндірістік жобалар жүзеге асырылатын болады. 
Индустриялық аймақ құру бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу және өңіраралық байланысты нығайту мақсатында 2013 жылдың қазан айында қазақстандық делегация құрамында облыс әкімі орынбасарының Польша Республикасына іс-сапары жүргізіліп, нәтижесімен темір жол саласы үшін қосалқы бөлшектер шығаруға байланысты бірлескен кәсіпорындар құру бойынша  «4UP TRADE» и «PONAR» чех компанияларымен меморандум жасалды.
Өзара тиімді байланыс орнату, өнімді өткізу және алудың жаңа кезеңдерін іздестіру, қызығушылық танытатын салаларда іскерлік байланыстар жасау мақсатында 2013 жылдың қараша айында Ресей Федерациясы Татарстан Республикасына сауда-экономикалық миссиямен облыстан арнайы делегацияның іссапары ұйымдастырылды.
СБ экономика.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы басты міндет – шикізаттық емес...
ИНВЕСТИЦИЯ – ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

ИНВЕСТИЦИЯ – ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

Соңғы жылдары Сыр өңірінің экономикасында өзіндік ерекшелік байқалады. Экономиканың...
ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ТАРАЗЫСЫ

ТОҒЫЗ АЙДЫҢ ТАРАЗЫСЫ

Өткен жұма күні облыстық баспасөз орталығында болған баспасөз мәслихатында биылғы...
ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

Сейсенбіде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет...
ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ БАРЛЫҚ АУДАНДАРДА АШЫЛАДЫ

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ БАРЛЫҚ АУДАНДАРДА АШЫЛАДЫ

Кеше облыс әкімшілігінің мәжіліс залында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму...
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

Соңғы жылдары облыс салықшылары республика көлемінде тәуір көрсеткіштерге қол...
Пікір: