БАСПАНА БАСТЫ МӘСЕЛЕ

БИЛІК | 24 октябрь 2013 ж. - 09:49 | Көрудің саны: 601
ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық Үкімет отырысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды.
Отырыста Үкімет басшысы халықты сапалы да қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік жаңғыртудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бағдарламаның 9 айдағы жүзеге асырылу қорытындысы туралы Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлама жасады.  
Биыл жалпы пайдалануға берілетін тұрғын үйдің 59%-дан астамы, яғни 2,7 млн. шаршы метрі жекеменшік тұрғын үй құрылысының үлесіне тиеді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артық. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар 9 айда 524,9 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға берген.  
Бағдарлама бойынша осы жылы 17,5 млрд. теңге нысаналы трансферт қарастырылған. Қазақстанның барлық өңірлері бағдарлама бойынша қаржы игеру көрсеткішін 94 пайыздан асырып отыр.
Отырыста сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрағасы А.Жұмағұловтың, «Қазақстандық тұрғын үй құрылысы Корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Р.Құсайыновтың, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы Б.Палымбетовтың есептері тыңдалды.
Отырыста талқыланған мәселелерді түйіндей келе, Үкімет басшысы бағдарламаны жүзеге асыруға қаржыны кедергісіз бөлу мен бюджет қаражатының мерзімінде игерілуіне мониторинг пен бақылау жүргізуді тапсырды. 
Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаралып отырған мәселенің маңыздылығына тоқталып, тиісті құрылымдар өкілдеріне тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ... оқыңыз:

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев...
ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАҒАН ТИІМДІ

Сейсенбіде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет...
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ СЫРТҚЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет...
КЕМШІЛІККЕ КЕСІМДІ СӨЗ АЙТЫЛЫП, КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ КӨРСЕТІЛДІ

КЕМШІЛІККЕ КЕСІМДІ СӨЗ АЙТЫЛЫП, КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ КӨРСЕТІЛДІ

Жұма күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің...
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚОРЛАРЫ ЖӨНІНЕН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚОРЛАРЫ ЖӨНІНЕН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

Осы аптаның сейсенбісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен...
ЖАСӨСПІРІМДЕР  БАСПАНАЛЫ  БОЛУҒА  ҚҰҚЫЛЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Аптаның бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарованың жетекшілік...
Пікір: