Мемлекеттік сатып алу тәртібін 1351 шенеунік бұзған

БИЛІК | 29 октябрь 2013 ж. - 17:15 | Көрудің саны: 461
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің «Қазмедиа» орталығында өткен брифингінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін бақылау нысандарының жіберген ұсыныстары негізінде 1351 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 13 лауазымды тұлға атқарып отырған қызметінен босталды» деді Б.Жәмішев. Естеріңізге сала кетейік,Үкіметтің 11 қазанда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бюджетті игермеудің көлемі 150 млрд теңгеден асқанын сынға алған болатын. Министр келтірген мәлімкетке қарағанда қаражатты толық игермеуге мемлекеттік сатып алу кезіндегі тәртіп бұзушылықтарда өз әсерін тигізген. Бүгінгі уақытта мемлекеттік сатып алу туралы заң қайта қаралып, 16 қазанда Мәжілістің қарауына берілген.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Балабақша мен мектептерге көңіл бөлінуде

Балабақша мен мектептерге көңіл бөлінуде

Қазақстанда 113 мың шаршы метр мемлекеттік мекеме ғимараттары мектептер мен...
«Жезқазған - Бейнеу» темір жолына қаржы қайта қаралады

«Жезқазған - Бейнеу» темір жолына қаржы қайта қаралады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің «Қазмедиа»...
Мемлекеттік сатып алу талаптары өзгереді

Мемлекеттік сатып алу талаптары өзгереді

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің «Қазмедиа» орталығында өткен...
ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛМЕК

ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛМЕК

Дүйсенбіде Астанада өткен брифингте елдегі негізгі ақпараттық басымдықтар туралы...
Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілуде

Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізілуде

Қызылорда. Облыстық прокуратура органдары үстіміздегі жылдың 9 айында сыбайлас...
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев...
Пікір: