Мемлекеттік сатып алу талаптары өзгереді

БИЛІК | 29 октябрь 2013 ж. - 17:16 | Көрудің саны: 462
ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің «Қазмедиа» орталығында өткен брифингінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай деп мәлімдеді.
 «Бүгінгі таңда маңызды жәйттердің бірі тапсырыс берушілердің сапасыз тауарлар, қызметтер сатып алуы болып табылады. Осыған байланысты мынадай жаңалық ұсынылып отыр: әлеуетті өнім берушілер өз өтінімдеріне ұсынғн техникалық ерекшеліктерді бағалау кезінде сараптамалық комиссия тауарлардың ең үздік техникалық ерекшеліктерін іріктеп алатын болады. Оған әлеуетті өнім берушілер өз баға ұсыныстарын бере алады», - деді Б.Жәмішев.
Министрдің айтуынша, бұл түзетудің нәтижесі тапсырыс берушілердің неғұрлым сапалы тауарлар/қызметтерді сатып алуы, сондай-ақ өнім берушілерді неғұрлым сапалы тауарларды беруге ынталандыруға өз көмегін тигізеді. Естеріңізге сала кетейік,Үкіметтің 11 қазанда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бюджетті игермеудің көлемі 150 млрд теңгеден асқанын сынға алған болатын. Министр келтірген мәлімкетке қарағанда қаражатты толық игермеуге мемлекеттік сатып алу кезіндегі тәртіп бұзушылықтарда өз әсерін тигізген. Бүгінгі уақытта мемлекеттік сатып алу туралы заң қайта қаралып, 16 қазанда Мәжілістің қарауына берілген.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Балабақша мен мектептерге көңіл бөлінуде

Балабақша мен мектептерге көңіл бөлінуде

Қазақстанда 113 мың шаршы метр мемлекеттік мекеме ғимараттары мектептер мен...
«Жезқазған - Бейнеу» темір жолына қаржы қайта қаралады

«Жезқазған - Бейнеу» темір жолына қаржы қайта қаралады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің «Қазмедиа»...
Мемлекеттік сатып алу тәртібін 1351 шенеунік бұзған

Мемлекеттік сатып алу тәртібін 1351 шенеунік бұзған

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің «Қазмедиа»...
ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛМЕК

ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛМЕК

Дүйсенбіде Астанада өткен брифингте елдегі негізгі ақпараттық басымдықтар туралы...
ТМД КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

ТМД КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дәстүрлі баспасөз...
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев...
Пікір: