Жол ережесін бұзғандарға жаза ауырлайды

Бұл туралы «Қазмедиа» орталығында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ішкі істер министрлігі, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді. 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 11 қазанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жолдағы қауіпсіздік, Ішкі істер министрлігінің тиісті қызметтерінің жұмыс жүйесін жетілдіру мәселелеріне тоқталып, бірқатар бағыттар бойынша сын-ескертулер айтқан болатын.
Осыған байланысты «Қазмедиа» орталығында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ішкі істер министрлігі, Әкімшілік полиция қызметінің төрағасы Игорь Лепеха «Жаңадан ұсынылған Қылмыстық кодекстің жобасы бойынша жол ережесін бұзу әкімшілік құқық бұзушылық емес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырады. Алғаш рет жол ережесін бұзғандар үшін 500 АЕК көлемінде айыппұл немесе 6 айға бас бостандығынан айыру көзделген. Сонымен қатар, егер осы қылмысын тағы да қайталаса, жаза қиындай түседі. Тіпті, 7 жылдан 20 жылға дейін айналысатын кәсібіне тиым салынатын болады», - деді И.Лепеха.
Комитет төрағасы осы брифингте қараша айынан бастап елімізде «мбебап полицейлер» жұмысқа кірісетінін де хабарлады. 
Оның айтуынша қазір Президент тапсырмасы бойынша әкiмшiлiк және жол полициясы саласын реформалау жұмыстары жүргiзілуде. Барлық деңгейдегі құрылымдық бөлiмшелерде «әмбебап полицейге» көшу жұмыстары қолға алынды. Осыған орай, жол полициясы жұмыстарымен алдағы уақытта әкiмшiлiк полиция комитетi айналысатын болады.  
Елбасы Н.Назарбаевтың айтқан сынынан қорытынды шығару үшін жасалып отырған жұмыстар қатарында жол сапасына қатысты да бақылау күшейтілетіні белгілі болды.  
Автомобиль жолдарының жағдайына бақылау күшейтілді. Тексеру жұмыстары үнемі өткізіледі. Төраға айтуынша, тек ағымдағы жылы жолдарды күтіп ұстауға жөнінде шамамен 9 мың ұйғарым беріліп, жауапкершілікке 1,5 мың лауазымды тұлға тартылған. Сонымен қатар, комитет төрағасы автомобиль жолдарында сақ болуға шақыратын әлеуметтік роликтердің орналастырылғандығын атап өтті. Аталған роликтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

БИЛІК 30 қазан 2013 г. 629 0