ЖАҢА ЖОБАЛАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

БИЛІК | 04 ноябрь 2013 ж. - 22:28 | Көрудің саны: 792
Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Елбасы тапсырмаларының орындалуы туралы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. 
Жалпы, «ҚазАгро» Холдингі аграрлық саланы қолдауға 1,2 трлн. теңгеден астам қаржы бағыттады.
Холдингтің жиынтық несиелік портфелі 330 млрд. теңгеден асып түседі, бұл көрсеткіш ауылшаруашылық кешенін несиелендірудің барлық көлемінің 50 пайызын құрап отыр.   
Холдинг бағдарламалары арқылы 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, соның ішінде 2 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Ағымдағы жылы холдинг несиелеу жүйесінің тиімділігі мен қолжетімділігін қалыптастыру үшін үш негізгі бағытта жұмыс істеді.
«Холдингтің негізгі бағыты – «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес ауылшаруашылық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру болып отыр, - дейді Басқарма төрағасы. Сонымен қатар, холдинг қарыз алу рәсімін жеңілдету мен мерзімін қысқарту мақсатында жаңа несиелік өнімдер мен несиелеудің жаңа механизмдерін қалыптастыру бағытында да жұмыс жасап келеді. 
«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі Мемлекет басшысы айтқан кемшіліктерді түзету бойынша бірқатар шараларды қолға алғанын жеткізген Дулат Айтжановтың айтуынша, қазіргі уақытта 160 млрд. теңгені құрайтын 243 жоба пайдалануға беріліпті. Ал жыл соңына дейін тағы 68 инвестициялық жоба беріледі деп жоспарлануда.


Сондай-ақ... оқыңыз:

ЖАУАПТЫЛАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

ЖАУАПТЫЛАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Сенбі күні Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚАРЖЫ БӨЛУ АРТАДЫ

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚАРЖЫ БӨЛУ АРТАДЫ

Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде Елбасы тапсырмаларының...
НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬ ЖИЫНТЫҒЫ 330 млрд. ТЕҢГЕ

НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬ ЖИЫНТЫҒЫ 330 млрд. ТЕҢГЕ

Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Елбасы тапсырмаларының...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚАРЖЫ БӨЛУ АРТАДЫ

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚАРЖЫ БӨЛУ АРТАДЫ

Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде Елбасы тапсырмаларының...
ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ БАРЛЫҚ АУДАНДАРДА АШЫЛАДЫ

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ БАРЛЫҚ АУДАНДАРДА АШЫЛАДЫ

Кеше облыс әкімшілігінің мәжіліс залында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму...
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ 16,1 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ ТYСТІ

Соңғы жылдары облыс салықшылары республика көлемінде тәуір көрсеткіштерге қол...
Пікір: