ӨРКЕНИЕТТІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

Қарағанды облысының мәдениет және өнер күндері аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Сарыарқа-далалық өркениеттің алтын бесігі» атты көрме ұйымдастырылды. Оның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Жұмабеков қатысып, екі өңірдің мәдени, рухани байланысын арттыратын мұндай игі шараның маңызы зор екенін айтты.
Көрмеде Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану және өнер музейінің қорында жинақталған құнды экспонаттар, 40-қа жуық сурет қойылды. Сонымен қатар, қазақ халқы қолөнерінің әсем үлгі нұсқалары мен қылқалам шеберлерінің қайталанбас туындылары, археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды жәдігерлер орын алды. Шараны тамашалауға қала жұртшылығы, мәдениет саласының мамандары, қоғамдық ұйымдар мен мәдениет орталықтарының мүшелері, студенттер мен оқушылар қатысты. 
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.

РУХАНИЯТ 17 қазан 2013 г. 942 0