ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ҮЗІЛМЕЙДІ

РУХАНИЯТ | 31 қазан 2013 ж. - 09:11 | Көрудің саны: 533
Облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты  қайырымдылық концерті өтті. Оған соғыс және еңбек ардагерлері, музыкалық оқу орындарының оқушылары мен жалпы өнерсүйер қауым қатысты. 
Еліміздің 18 қаласында үш жыл бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келетін бұл жобаның мақсаты үлкендерді құрметтеп, бүгінгі бейбіт заманды сыйлаған соғыс ардагерлеріне алғыс білдіру болып табылады. Аталған жоба аясында тегін концерттер, шеберлік дәрістері ұйымдастырылып, ардагерлерге мерекелік әр алуан дәмдерден сыйлықтар да таратылады. Бұл шаралар тізбегі биыл қазан мен желтоқсан аралығында Қызылорда, Жезқазған, Тараз және Түркістан қалаларында өтеді. 
Қайырымдылық концертінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшиев, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин, халықаралық байқаулардың лауреаты, Абай атындағы опера және балет театрының солисі Мейір Байнеш тыңдаушыларға еуропалық, орыс классиктерінің үздік шығармаларын орындап, халық әндерін шырқады. 
«Рухани баю, кемелдену дегеніміз – осындай үлкен өнерпаздарының концертіне қатысып әдемі демалу. Әлемдік деңгейдегі өнер иелерінің қатысуымен концерт өңірімізде күнде өте бермейді. «Жасында бейнетін, қартайғанда зейнетін бер» дегендей, жас ұрпақтың ардагерлерге деген құрметі, концерт ұсынуы сол зейнеттің бір өлшемі секілді көрінеді. Дариға Назарбаеваның бастауымен құрылған «Дегдар» гуманитарлық қоры игі шараларды жүзеге асыруда. Біздің алғысымыз шексіз», –дейді көрермен Бағила Аяпова.
«Дегдар» гуманитарлық қоры және «JTІ» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылып келе жатқан жоба  аясында отандық классиканың жұлдыздары Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде фортепиано, баритон мен тенордан шеберлік дәрістерін өткізді. 
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.


Сондай-ақ... оқыңыз:

САХНАДА – «АЙ-ҚАРАГӨЗ»ТРАГЕДИЯСЫ

САХНАДА – «АЙ-ҚАРАГӨЗ»ТРАГЕДИЯСЫ

Аптаның алғашқы күні кешке Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма...
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

«Ұрпақтар сабақтастығы» («Времен связущая нить») қайырымдылық жобасы біздің...
САРЫАРҚАНЫҢ САЗ САМАЛЫ

САРЫАРҚАНЫҢ САЗ САМАЛЫ

Өткен жексенбінің кешінде Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма...
МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙТОЙЫ

МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙТОЙЫ

Жұмада Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «ҚазГерМұнай» БК»...
МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІ, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ

МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІ, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ

Өткен жұма күні облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында осындай...
ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӨҢІЛДІ КЕШ

ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӨҢІЛДІ КЕШ

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында көңілді тапқырлар...
Пікір: