АРАЛ КҮНДЕРІ

РУХАНИЯТ | 05 ноябрь 2013 ж. - 09:46 | Көрудің саны: 567
Аудан әкімінің өкімімен биылғы жыл ауданда «Халықаралық Аралды құтқару қорына – 20 жыл» деп жарияланған болатын. Қордың негізгі мақсаты – халықаралық қауымдастықтың қолдауымен Арал теңізі бассейнін экологиялық сауықтыру, аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеру мәселелері бойынша бірлескен істер мен бағдарламаларды қаржыландыру екені белгілі. Арал дағдарысы салдарымен күресті Халықаралық Аралды құтқару қоры үйлестіріп отыратынын атап кету ләзім. 
Осы айтулы мереке аясында облыс әкімдігінің  қолдауымен мәдениет басқармасы мен Арал ауданы әкімдігінің  ұйымдастыруымен облыстық ақындар айтысы, жыр мүшәйрасы, жыршы-термешілер фестивалі өткізілді. Өлкенің тарихын өскелең ұрпақтың жадына сіңіріп, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті туындату мақсатындағы салтанат көпшілік тарапынан жоғары бағаланды. 
«Арманы асқақ Аралым» тақырыбындағы ақындар айтысы кәнігі майталмандармен қатар, жас дарындардың легі өсіп келе жатқанын аңғартты. Додаға барлығы 12 ақын қатысты. Оралымды ой, ұшқыр қиялды ақындарға көрермендердің ілтипаты да шексіз болды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Сайыс нәтижесінде Айдос Рахметов бас жүлде, Мұхтар Ниязов І орынды иеленді. Марат Сүгірбаев, Нұрмат Мансұров ІІ-ІІІ орындарды жеңіп алды. Сондай-ақ, жазба ақындар сайысында топ жарғандар да марапатталды. 
Фестивальда танымал жыршы-термешілердің өнері тамашаланды. Теңіз төскейін  дүр сілкіндірген шара облыстық филармонияның гала-концертімен қорытындыланды. 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.


Сондай-ақ... оқыңыз:

Құрметті өнерсүйер қауым!

Құрметті өнерсүйер қауым!

Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының...
Ауылда ел біріншілігі өткізілді

Ауылда ел біріншілігі өткізілді

Жаңақорған. Ауданның М.Нәлібаев ауылында еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға...
Құрметті қауым!

Құрметті қауым!

Сіздерді 21-22 қазан күндері Қызылорда қаласында және Шиелі кентінде өтетін «Алтын...
ТЕҢІЗ ТӨСКЕЙІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМ

ТЕҢІЗ ТӨСКЕЙІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМ

Бүгінгі күннің ертеңгі тарих екендігі ақиқат. Ал, өткенге көз тастап ғибрат алу...
ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

«Сыр бойы» газетінің 2013 жылдың 24 қыркүйегінде аталмыш басылымның Арал, Қазалы...
БЕРЕКЕЛІ БЕЙНЕТТІ, СӨЗ-БЕСІКПЕН ТЕРБЕТКЕН

БЕРЕКЕЛІ БЕЙНЕТТІ, СӨЗ-БЕСІКПЕН ТЕРБЕТКЕН

айтыс ақындары Сыр өңірінің келбетін кестеледі Аталған компания басшылығының ұйытқы...
Пікір: