ӘЖЕЛЕРДІҢ ӘНІ

Ата-бабаларымыздың ізгі мұраларын, салт-дәстүрін насихаттау – ортақ міндет. Осы тұрғыда облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аталар және әжелер ансамбльдерінің байқауы өткізілген болатын.
«Қарттардың да өнерге бар таласы» тақырыбымен ұйымдастырылған додаға 9 ансамбль қатысты. Қазалы ауданынан барған мәдениет орталығының жанынан құрылған әжелер ансамбльне Жәдігер Тұрсынов атындағы халық театры режисерінің көмекшісі Гүлнар Төребекова жетекшілік жасады. Сайыста халық әні «Ой, дүние-ай», Ұлықбек Тәңірбергеновтің сөзіне жазылған әндерді орындаған абзал аналар көрермендердің ілтипатына бөленді. Нәтижесінде сынақтан сүрінбеген қазалылық әжелер І орынды жеңіп алды.

РУХАНИЯТ 07 қараша 2013 г. 434 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031