Азаттықты арқау еткен айтыс

РУХАНИЯТ | 29 қараша 2016 ж. - 11:42 | Көрудің саны: 296
Азаттықты арқау еткен айтысН.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған шараға Қытай, Моңғолия, Қыр¬ғыз¬стан және республикамыздың бірқатар аймағынан келген ақындар қатысты. Айтысты Қазақстанның Еңбек сіңірген қай¬раткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізіп отырды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құт¬тықтап, айтыс өнерінің маңыздылығына тоқталды.    
– Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтен¬ше және Өкілетті елшісі кезімде Мәскеуде 12 арқалы ақынның қатысуымен айтыс өткіздік. Сон¬да ресейлік әдебиеттанушы-ғалымның бірі маған "Тәуелсіздік – сіздерге берілген бақ. Өткен дәуірде Ресейде крепостниктік құқық орнап, құлдық сана қа¬лыптасты. Қазақ даласында ондай жағдай болған емес. Өлім жазасына кесілген кісінің өзіне "Дат, тақсыр!” деп соңғы сөзін айтуына мүмкіндік берілді. Кедей байға, қара төреге өз ойын жеткізе білді. Сол себепті де айтыс сынды сөз сайысының, сөз барымтасының сіздерде ғана болуы заңды» деген болатын. Қызылордада айтыс алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ, бірақ халықаралық дәрежедегі сөз сайысы бұрын-соңды өткізілген емес. Ақындарға шалқар шабыт тілеймін. Тәуелсіз мемлекетіміз тұғырлы болсын, – деді облыс әкімі.
Ақындарға сәттілік тілеген аймақ басшысы айтыстың жан¬ашыры, ақын Жүрсін Ерманның ұлттық өнерге сіңірген еңбегін бағалап, иығына шапан жапты.  Сөз дода¬сына қатысқан шайыр¬лардың өнеріне ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ¬станның   еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет төр¬ағалық еткен қазылар ал¬қасы баға берді. Айта кетейік, қазылар ал¬қа¬сының құрамында Халық¬аралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, Қазақ¬станның  еңбек сіңірген қай¬раткерлері Алмас Ал¬матов, Аманжол Әл¬таев пен жерлесіміз Елена Әбдіхалықова да бар.
Айтыстың ашылу салтанатында Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, ақын Аманжол Әлтаев арнау айтып, кө¬рермендердің қошеметіне бө¬ленді. Ол өз ар¬науында тәуел¬сіздік жылдары елі¬міз жеткен жетістіктерді жырға қосып, Алаштың анасы атанған Ақмешітте де ауқымды істер атқарылып жатқанын жеткізді. Мұнан соң айтысты бірінші болып қарағандылық Мақсат Ақанов пен Жамбыл облысынан келген Айтбек Тұрсынбаев бас¬тады. Тәуелсіздікті жырға қосқан алғашқы жұп Сыр елінде де барлық сала бойынша ілге¬рілеушілік байқалатынын ай¬тып, келелі мәселелер көтерді. Сөз сайысында тараздық Айтбек Тұрсынбаев Сыр өңірі нағыз қазақылықтың ордасы екенін айтып өтіп, "Қазақша ойламайтын адамдарды, қазақты ойлайды деп айта алмаймын” деп бір қайырды. Жарты сағат көрерменге жыр ұсынған қос ақынға қазылар алқасы тең баға берді.
Мұнан соң сахнаға шыққан "Алтын домбыраның” былтырғы иегері Аспанбек Шұғатаев пен Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз Ерлан Аман¬қожа да ел еркіндігін тілге тиек етсе, астаналық Сара Тоқ¬тамысова мен қырғызстандық Элмирбек Иманәлиев екі елдің ежелден туыстас ел екенін жырға қосты. Сондай-ақ, сөз сайысында салт-жоралғы жаса¬лып, Сара Тоқтамысова айыр қалпақты ағайынға бас киімді сыйға тартты. Аймағымызда ұйым¬дастырылған Халықаралық ақындар айтысының бірінші күні он алты ақын өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған сегіз ақын ақтық сынға жолдама алды. 
Ақындар айтысы бірінші күні Аманжол Әлтаевтың арнауымен басталса, келесі күні де дәстүр жалғасын тауып, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Мэлс Қосымбаев арнау айтты. Ол Сыр халқын тәуелсіздік мере¬кесімен құттықтап, өңір тарихын жырға қосты. Финалда бірінші болып өнер көрсеткен алғашқы "Алтын домбыра” иегері, жер¬лесіміз Мұхтар Ниязов пен астаналық Сара Тоқтамысова көп¬шіліктің қошеметіне бөленді. Бұл күнгі алғашқы жұп та Сырдағы жетістіктерді жырға қосып, ке¬лелі мәселелер көтерді. Сара Тоқтамысова қоғамда белсенді ұрпақ қалыптастыру үшін ана тәрбиесінің маңыздылығын ай¬тып, көрерменді бір серпілтіп тастады. Соңында қазылар алқа¬сының шешімімен Мұхтар Ниязов қарсыласынан басым түсті. Мұ¬нан кейін шыққан ақындар да үл¬кен айтыстың үлгісін көрсетіп, ха¬лықтың ризашылығына бөленді. Айтыскер ақындар додасынан кейін Сыр елінің бірқатар жыраулары мен дәстүрлі әншілері көременге жыр ұсынды. 
Марапаттау рәсімінде қазы¬лар алқасының мүшесі, Халық¬аралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев облыс әкімі Қ.Көшербаевтың туған тілімізді дамытуға сіңірген еңбегін атап өтіп,  қоғамның арнайы медалін сыйға тартты. Ал сайыс соңында оза шапқан шайырлар анықталып, жүлделер табысталды. Сөз сайысында ел тәуелсіздігін жырға қосқан сегіз ақынға 150 мың теңге мен ынталандыру сыйлықтары берілді. Марапаттау рәсімінде Алатаудың арғы бетінен келген айыр қал¬пақты ағайындар Элмирбек Иманәлиев пен Асылбек Маратқа арнайы сыйлық пен 400 мың теңге табысталды. Ал жүлделі үшінші орыннан көрінген қарағандылық Дидар Қамиев пен шиелілік Мейірбек Сұлтанхан арнайы диплом мен 500 мың теңге сыйақыға ие болды. Сонымен қатар, елор¬да¬лық Сара Тоқтамысова мен Серікзат Дүйсенғазин екінші орынға лайық деп танылып, әр¬қайсысына 700 мың теңгеден сыйақы берілді. Халықаралық ақын¬дар айтысында Қытайдан келген қандасымыз Ұларбек Минетхан бірінші орынды жеңіп алса, бас жүлде қы¬зылордалық Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Қос ақынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  автокөліктің кілтін табыс етті. 
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
Бағдат ЕСЖАНОВ (сурет).


Сондай-ақ... оқыңыз:

Мұхтар Ниязов халықаралық ақындар айтысында Гран-при иеленді

Мұхтар Ниязов халықаралық ақындар айтысында Гран-при иеленді

Бүгін Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдығы құрметіне  арналған...
Жас ақындар бақ сынасты

Жас ақындар бақ сынасты

Аманкелді ауылдық округінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында жырау...
Қызылордада өткен жас ақындар айтысы жаңаша бағаланды

Қызылордада өткен жас ақындар айтысы жаңаша бағаланды

Қызылордада «Мәңгілік елім - мәртебем» атты республикалық жас ақындар айтысы мәреге...
ХАЛҚЫНА ҚАЛАМЫМЕН ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН

ХАЛҚЫНА ҚАЛАМЫМЕН ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН

Облыстың ата басылымдары "Сыр бойы” және "Кызылординские вести” газеттерінің 85...
Айтыскер Мұхтар Ниязовқа пәтер берілді

Айтыскер Мұхтар Ниязовқа пәтер берілді

Бүгін, 11 шілдеде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев республикалық «Алтын домбыра»...
БЕРЕКЕЛІ БЕЙНЕТТІ, СӨЗ-БЕСІКПЕН ТЕРБЕТКЕН

БЕРЕКЕЛІ БЕЙНЕТТІ, СӨЗ-БЕСІКПЕН ТЕРБЕТКЕН

айтыс ақындары Сыр өңірінің келбетін кестеледі Аталған компания басшылығының ұйытқы...
Пікір: