Қадым заманнан қалған із

РУХАНИЯТ | 30 қаңтар 2017 ж. - 12:05 | Көрудің саны: 315
Қадым заманнан қалған ізҚызылордадағы «Ақмешіт» музейі көненің көзіндей болған құнды жәдігерлерге толы. Солардың ішінде қала тұрғыны Гүлнар Баяділова табыс еткен «Le Roi a Paris» сағаты мен ағаш шкаф бірден көзге түседі. 
Әлі күнге дейін тық-тық етіп уақытты бедерлеген қадым заманнан бергі қабырға сағаты музей төрінде ілулі тұр. Француз тілінен аударғанда «Париж патшасы» деген мағынаны білдіретін бағалы бұйым 1901 жылы Францияда жасалған. Биіктігі – 1 м, ені – 36 см. Авторы шикізат ретінде қызыл ағашты пайдаланған. Бүгінде антиквариатқа айналған сағат 2003 жылы 20 маусымда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорының түсім кітабына КЗМ-КП-6277/2 нөмірімен тіркелген. Алыс-беріс актісі негізінде 2004 жылы 15 желтоқсанда «Ақмешіт» музейінің экспозициясына қойылды. 
– Шкафты XVIII ғасырдың аяғы немесе XIX ғасырдың басында ресейлік ағаш өңдеу шеберлері жасаған. Көшіп-қонып жүрген қазақтар үшін ол жинауға өте ыңғайлы. Ең басты ерекшелігі – бір түйір шегесіз тұтас ағаштан жасалғанында. Мұндай әсем дүниелер көбіне зиялы қауым өкілдерінің төрінде тұрған, – дейді музей меңгерушісі Кенже Ахметова. 
Шкаф біразға дейін ағаштың табиғи түсімен сақталса, бертін келе түсі өңіп кеткен соң бояуға тура келген көрінеді. Білетіндердің айтуынша, жиһаз қайың немесе үйеңкіден жасалған болуы мүмкін. Биіктігі – 2 м 60 см, үстіңгі бөлігінің ені – 1 м 20 см, ал астыңғы бөлігінің ені – 1 м 30 см. Жанындағы киім-кешек салуға арналған шкафының биіктігі – 1 м, ені – 95 см.
Қадым заманнан қалған ізБүгінде ол облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтау КЗМ-КП-6347/1 нөмірімен тіркеліп тұр. Бұл екі жәдігерді тарихқа бейжай қарамайтын Гүлнар апай Шымкенттің көркемсурет галереясынан арнайы алдырып, музейге табыстаған екен. 


Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.



Сондай-ақ... оқыңыз:

Үздік экскурсовод

Үздік экскурсовод

Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейі тәуелсіздік мерейтойына арнап музей...
Тәуелсіздік тартуы

Тәуелсіздік тартуы

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалында ел тәуелсіздігiнің 25...
ЖАҢАРҒАН МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК

ЖАҢАРҒАН МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК

Кеше қайта жаңғыртудан өткізілген облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа...
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қайта жаңғыртылды

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қайта жаңғыртылды

Бүгін қайта жаңғыртудан өткізілген облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа...
Өлкетану музейінде «Астана - бас қала» атты фотокөрме өтті

Өлкетану музейінде «Астана - бас қала» атты фотокөрме өтті

Қызылорда облыстық тарихи - өлкетану музейінің Ақмешіт филиалындаөткізілген «Астана...
ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ ҚОҒАМДЫҚ МУЗЕЙДЕ

ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ ҚОҒАМДЫҚ МУЗЕЙДЕ

Музей – халықтың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өткен мен бүгінді жалғап отырған...
Пікір: