Сырдың сыршыл ақындары

Сырдың сыршыл ақындары

 Ежелден мәдениеті дамыған, құдіретті өнердің киесі дарыған Сыр жерінің ақындық қасиеті ұрпақтар сабақтастығымен жалғасып, сабақтасып келеді. Өмірдің мойыл ақиқатындай «Сыр елі –жыр елі» атауы осы қасиетті жердің өркен жайған өрісті өнері мен мерейлі мәдениетінің айшықты нышаны іспетті. Ықылым заманнан Сыр өңірі өнер мен мәдениеттің небір ғажайып туындыларын дүниеге әкелген тума таланттарға кенде болмаған, ұлы өнер иесі Қорқыт бабаның Сыр сүлейлері атанған шоқ жұлдыздардың жалғасы, дарынды ізбасарлары қазірде көптеп саналады. 
РУХАНИЯТ 10 сәуір 2017 г. 193 0
«АДАСҚАННЫҢ АЙЫБЫ ЖОҚ, ҚАЙТІП ҮЙІРІН ТАПҚАН СОҢ»

«АДАСҚАННЫҢ АЙЫБЫ ЖОҚ, ҚАЙТІП ҮЙІРІН ТАПҚАН СОҢ»

Өткен жылы жазасын өтеп шыққан және пробация есебіндегі жандарды әлеуметтендіру мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиялық құжат Елбасы Жарлығымен бекітілді. Одан кейін «Пробация туралы» Заң қабылданды. Аталған құжаттар негізінде қолға алынған іс-шараларды бағамдай қарасақ, нәтижелі жұмыс жасалып жатқанын аңғарамыз. Нақтылағанда, бүгінгі күні жазасын өтеп шыққандар мен пробация қызметіндегілерді қоғамға сіңдіріп, әлеуметтендіру үшін арнайы мемлекеттік мекеме ашылды. Біз енді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы» КММ директоры Бақыт Нұртазаевпен болған әңгімеге кезек берейік.
РУХАНИЯТ 11 наурыз 2017 г. 156 0
Мейірім көрсетпеген, мейірімге бөленбейді

Мейірім көрсетпеген, мейірімге бөленбейді

Дәл осындай атаумен Қызылорда қаласында облыстық мүгедектерді оңалту орталағында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
РУХАНИЯТ 06 наурыз 2017 г. 283 0
Махмұтбай ӘМІРЕҰЛЫ, ақын: МІНЕЗСІЗ АҚЫННАН ЖАҚСЫ ӨЛЕҢ ШЫҚПАУЫ МҮМКІН

Махмұтбай ӘМІРЕҰЛЫ, ақын: МІНЕЗСІЗ АҚЫННАН ЖАҚСЫ ӨЛЕҢ ШЫҚПАУЫ МҮМКІН

Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Жалағаш ауданының Мақпалкөл ауылында дүниеге келген. Журналистика мен партия қызметі саласында ұзақ жыл еңбек етті. Жетпіс бес жасқа толса да ағамыз әлі күнге қаламнан қол үзген емес. Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан зерделі ақын. Тәжірибелі баспагер. Әнге мәтін жазудың шебері. Оның сырлы сезімді, көркем тілді өлеңдері көңілге жылылық ұялатады.
РУХАНИЯТ 18 ақпан 2017 г. 638 0
Қадым заманнан қалған із

Қадым заманнан қалған із

Қызылордадағы «Ақмешіт» музейі көненің көзіндей болған құнды жәдігерлерге толы. Солардың ішінде қала тұрғыны Гүлнар Баяділова табыс еткен «Le Roi a Paris» сағаты мен ағаш шкаф бірден көзге түседі. 
РУХАНИЯТ 30 қаңтар 2017 г. 348 0
“Қазақ барда – қобыз мәңгі”

“Қазақ барда – қобыз мәңгі”

Қорқыттың күй сарынын орын¬даған негізгі аспабы қазақтың қара қобызы екенін ескерсек, халқымыз үшін бұл аспап шын мәнінде қасиетті. Бір кездері қобызға деген түсініспеушілік салдарынан аспап заман көшіне ілесе алмай, ескіліктің қалдығы саналып, жоғалып кетудің алдында қалған болатын. Бірақ бүгінде ол қайта жанданып, қанатын кеңге жайды. Қобызды серік еткен жастар көбейді. Алтынай Берденова солардың қатарынан. Қоңыр үннен шабыт алып, оның тарихи мән-маңызын ішкі жан дүниесімен сезіне білетін өнерпаз облыстық филармонияның "Ақмешіт” фольклорлық ансамблінде прима-қобызшы қызметін атқарады. Қанжығасын респуб¬ликалық деңгейдегі байқаулардың жүлдесімен толықтырған Алтынаймен әңгіме скрипканың атасы саналатын қас¬тер¬лі аспаптың, қобыздың киесі жайында болды.
РУХАНИЯТ 19 қаңтар 2017 г. 780 0

ДАҢҚТЫ ЖОЛЫМЫЗДЫҢ ДӘРЕМЕТ ЖАРШЫСЫ

Сыр өңіріндегі аға буын ақын-жыраулар, әншілер-күйшілер тіккен  өнер туы ешқашан да төмен түсіп көрген емес. Зәу биікте желбіреген байрақ бүгінгі буын өнер иелерінің қолында желбіреп келеді. Өткен 2016 жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен ел есіне, тарих парағына таңбаланды. Сондықтан аймақта жыл бойы ұйымдастырылған мерекелік шаралардың, концерттердің барлығы да осы айтулы мерейтойға  орайластырылды. 
РУХАНИЯТ 31 желтоксан 2016 г. 376 0
ЕСТІ ӘН ЕШҚАШАН ЕСКІРМЕЙДІ

ЕСТІ ӘН ЕШҚАШАН ЕСКІРМЕЙДІ

Ұлттық нақышты, ұлттық бояуды жоғалтпауға тырысатын талғампаз әнші-термеші Үміт Медеуованың есімі елге кеңінен таныс. Ол  ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық филармонияның әнші-термешісі. Дәстүрлі әншілікпен қатар, эстраданы қоса алып жүрген талант иесі ескірмейтін ескі әндерді жаңаша серпінде халыққа жеткізумен ерекшеленіп, көрермен көзайымына айналып үлгірді. Бүгінгі әңгімеміз әуелетіп ән салып, тыңдарманын тамсандырып жүрген әншімен дәстүрлі әннің төңірегінде өрбіді.
РУХАНИЯТ 31 желтоксан 2016 г. 403 0
Азаттықты арқау еткен айтыс

Азаттықты арқау еткен айтыс

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған шараға Қытай, Моңғолия, Қыр¬ғыз¬стан және республикамыздың бірқатар аймағынан келген ақындар қатысты. Айтысты Қазақстанның Еңбек сіңірген қай¬раткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізіп отырды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жи¬налған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құт¬тықтап, айтыс өнерінің маңыздылығына тоқталды. 
РУХАНИЯТ 29 қараша 2016 г. 350 0
Ишан мешітіне жөндеу жасалды

Ишан мешітіне жөндеу жасалды

Қарашаның бойды қарыған қара суығы кәріне мінген шақ. Екпіні нарды құлатады дейтіндей долы жел де сәт санап күшейе түскен. Десе де, Қамбаш көлінің маңына қоныс тепкен іргелі қоныстағы қабырғалы қауым табиғаттың адуын қылығын елер емес. Тарихы тереңнен басталатын Жанназар ишан мешітінің жанына жиналған  шоғырдың қарасы қалың. Үлкен де, кіші де құдды тойда жүргендей тым көңілді. Олай болатын реті де бар. Бүгін мұнда  асқан ғұлама, емші, хақ жолына баулыған ұстаз ретінде көпшіліктің жадында сақталған  Жанназар ишан Арланбайұлының есімімен аталатын ескі мешітке күрделі жөндеу жасалғаннан кейінгі  салтанатты рәсім өткізілуде. Шараға Арал, Қазалы және өзге де аудандардан, Қызылорда мен Байқоңыр қаласынан, Ақтөбе облысынан ишан ұрпақтарының қатысуы бабаға деген баршаның алғаусыз пейілін аңғартты. Ақ кірпішпен қапталып, заманауи үлгідегі есік-терезе орнатылған ғимаратқа халықтың қаражатымен сапалы жүмыстар жүргізілді. Біздің білгеніміз, игілікті іске Өткелбай Жолмырзаев пен Жұбатыр Әбілдаев, өзге де ел ағалары септігін тигізіп, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары белгілі кәсіпкерлер Мнажадин Өтеев, Ібайдулла Тілеп, Бекқали Бекбауылов қомақты үлес қосыпты.
РУХАНИЯТ 26 қараша 2016 г. 304 0