Мәдениеті өскен ел –  өркениетке көшкен ел

Мәдениеті өскен ел – өркениетке көшкен ел

Мәдениет – адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, дүниенің құнды қазынасы. Ұлтымыздың рухын көтеруде тарихи оқиғалар желісінің маңызы зор екендігін ескерсек, ол да мәдениетімізден бастау алатыны анық. Сондықтан да мәдениет тарихымыздың әр кезеңімен үндес болып келеді. Жылдармен бірге қоғам да даму үстінде. Ал қоғамның қозғаушы күші мәдениет екені белгілі. Облысымызда өзге салалармен бірге мәдениет саласы да жылдан жылға дамып келеді.  Оның айғағы – клуб кәсіпорындары  санының  жыл сайын өсуі. 2001 жылдары клуб кәсіпорындарының саны  155  болса, қазіргі  таңда  173-ке жетіп отыр.  
РУХАНИЯТ 04 қазан 2016 г. 528 0
Тележоба жас таланттарға жол ашады

Тележоба жас таланттарға жол ашады

Жас таланттарды қолдау мақсатында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілетін «Ботақан» балалар телефестивалі өнерлі балалардың ордасына айналып келеді.
РУХАНИЯТ 04 қазан 2016 г. 254 0
«Суреттерім арқылы қателігін түсініп, райынан қайтқандар болды»

«Суреттерім арқылы қателігін түсініп, райынан қайтқандар болды»

Аңсаған МҰСТАФА, суретші, иллюстратор: Аңсаған Мұстафа – суретші, иллюстратор. республикалық отбасылық «Ақ босаға» газетінің көркемдеуші редакторы. Алматы қаласындағы сурет колледжінің, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы графикалық дизайн бөлімінің түлегі. - Қоғамдағы әлеуметтік проблемаларға арналған графикалық суреттеріңіз әлемді шарлап кетті, тіпті, кейбірі қызу талқыға түсуде. Бүгінгі күннің өзекті мәселесін сурет арқылы жеткізу қаншалықты тиімді?  - Сурет арқылы адамның көп уақытын алмай, айтатын ойыңды тезірек жеткізуге болады. Бұл – үнсіз-ақ айтарыңды айта аласың деген сөз. Шығармашылығымдағы негізгі мақсат – жастарға ұлттық тәрбиені насихаттау болғандықтан әлеуметтік проблемаларға арналған суреттерімді қазақи оюлармен безендіріп, онда қазақша жазуға тырысамын. Алайда ғаламтордың ғаламат күшімен шекара асып кеткен туындыларым бар. Осыған қарап біздің елдегі жастардың мәселесі өзге мемлекеттерде де бар екен деген ойға келемін. 
РУХАНИЯТ 24 қыркүйек 2016 г. 226 0
Тарихты тану ұлттық рухты көтереді

Тарихты тану ұлттық рухты көтереді

Топырағы тарихтан сыр шертетін Сыр елінде тарихи-мәдени орындар жетерлік. Алаштың анасы атанған өңірдің әрбір төбесінде айтылмаған сыр, жазылмаған шежіре жатыр. Ұлттық рухтың көсегесі көгерсін десек, осынау жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпақ санасына сіңіріп, келер ұрпаққа басы бүтін аманаттауға тиіспіз. Бұл орайда Сыр елінде атқарылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған бастамалар қатары ауқымды. Өткен сенбіде Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата ескерткіші жанында "Сыр – Алаштың анасы” экспедициясының жолға шығу құрметіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, сәттілік тіледі.
РУХАНИЯТ 20 қыркүйек 2016 г. 236 0
Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы фотокөрме ашылды

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы фотокөрме ашылды

Халық оның бұрын жарияланбаған фотоларын көруге жиналды, деп хабарлайды BNews.kz. Кешке халық сүйіп тыңдаған, қимай қоштасқан әнші-композитордың туыстары мен жақын достары, оның шығармашылығына қызығатындар жиналды. Жақын адамдарының ішінде анасы мен туған ағасы да болды.
РУХАНИЯТ 16 қыркүйек 2016 г. 128 0
Мейірім мен бірлік мерекесі

Мейірім мен бірлік мерекесі

Күллі мұсылман қауымына ортақ қасиетті Құрбан айт мерекесі облысымызда да кең көлемде аталып өтті. Айтулы мерекенің алғашқы күні «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне жиналған жамағат айт намазына қатысып, бір-бірлерін құттықтап, қуанышқа кенелді. Облысымыздың бас имамы Талғат Омаров жұртшылықты ортақ мерекемен құттықтап, уағыз айтты. Имандылық үйіне арнайы келген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев барша мұсылмандарды ұлық мерекемен құттықтады.
РУХАНИЯТ 14 қыркүйек 2016 г. 187 0

ЖАСТАР ТЕАТРЫ тырнақалды туындысын қойды

Сыр жұртына сүйіншілеп айтатын жаңалық – Қызылорда қаласында Жастар театрының тұсауы кесілді. Өнер көгіне ұядан ұшқан балапандай қанат сермеген шығармашылық ұжым алғашқы қойылымына Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббатын» таңдапты. Көрдік, көзайым болдық. Республикаға белгілі өнер майталманы, мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов режиссерлік еткен күлкінама-спектакль көрерменнен оң бағасын алды, қошеметке бөленді.
РУХАНИЯТ 23 мамыр 2016 г. 257 0
РУХАНИЯТ 24 қазан 2015 г. 508 0
РУХАНИЯТ 24 қазан 2015 г. 382 0