ӨНІМДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғановтың өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы есебі тыңдалды.
Қайрат Айтуғанов биыл Бағдарламаны іске асыруға шағын несиелендіруге бюджеттік несие 27,1 млрд теңге, шағын несиелерді кепілдендіруге 2,8 млрд теңге, ХҚҰ операциялық шығындарын субсидиялауға 418 млн теңге қарастырылғанын айтты. Бұдан өзге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жарғылық капиталы ауыл шаруашылығы кооперацияларын шағын несиелендіру үшін 25,4 млрд теңгеге толықтырылды.
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Бағдарлама аясында қарастырылған 27,1 млрд теңгенің 13,7 млрд теңгесі (51%) игерілді. 2 909 шағын несие берілді, соның ішінде 1 344 шағын несие кооперативтерге сүт дайындауға және отбасылық СТФ ашуға 5,5 млрд теңге сомасында; 766 шағын несие кооперативтерге мал бордақылау алаңдарын құруға 2,0 млрд теңге сомасында; 799 шағын несие өзге бағыттар бойынша 6,2 млрд теңге сомасында берілді.  
Осы шаралардың арқасында «Өнімді жұмыс» бағдарламасы аясында 2 661 жұмыс орны ашылды, 1 290 жаңа ЖК тіркелді, 1 380 стартап жоба қаржыландырылды.
Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 53,5 мыңнан астам ӨҚШ қамтыған 517 кооператив құрылды, солардың ішінде 173 кооператив сүт дайындау, 281 кооператив ет өндіріп, дайындау бойынша, 41-і жеміс-көкөніс өсіру, 22-сі жүн, шұбат өндіру, құс етін, бал өндіру, бақ шаруашылығы мен тауарлы балық шаруашылығы бойынша құрылды, сонымен қатар 30 573 ірі қара малға арналған 1 835 отбасылық бордақылау алаңы ашылды.

Саясат 10 тамыз 2017 г. 30 0