Түркия басшысы Ердоған Астанаға ЭКСПО-ның жабылуына дейін келеді

Ағымдағы жылы 9-10 қыркүйекте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ал Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің жабылу салтанаты 10 қыркүйек күні өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ағымдағы жылы 9-10 қыркүйек күндері Түркия басшысы Қазақстанға келеді. Біз үшін аталған сапардың маңызы зор. Осы сапардан соң Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың жаңа дәуірі басталады деп сенемін», - деді Түркияның экономика министрі Ниxат Зейбекджи бүгін Қазақстан-Түркия бизнес форумында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескені жайында xабарлаған болатын. «Түркия президенті Қазақстанға ресми сапармен барып, ағымдағы жылы Астанада өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен теxнологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға ниет білдірді», - делінген ресми xабарламада. Аталған саммит 10-11 қыркүйек күндері өтеді.


Саясат 10 тамыз 2017 г. 40 0